5 Балам, айтқан даналығыма ден қой,
Парықтылыққа үйрететін сөзіме құлақ түр+.
2 Сонда санаңды сақтайсың,
Ұдайы тура білімге сай сөйлейсің+.
3 Бұзылған әйелдің сөзі балдай тәтті+,
Айтқаны майдан да жұмсақ+.
4 Бірақ кесірі ащы жусандай+,
Өткір екіжүзді семсердей+.
5 Аяғы оның өлімге апарар,
Қадамдары тіке көрге түсірер.
6 Ол өмір жолын қаперіне де ілмейді,
Құр сандалып, жетер жерін білмейді.
7 Сонымен, балаларым, мені тыңдаңдар,
Айтқанымды елеусіз қалдырмаңдар.
8 Ондай әйелден бойыңды аулақ ұста,
Үйінің босағасына да жолама+.
9 Әйтпесе абыройыңнан айырыласың+,
Қалған өміріңді зардап шегумен өткізесің+.
10 Бөтендер байлығыңды иемденеді+,
Тер төгіп тапқаның жатжерліктің үйіне кетеді.
11 Етің қашып, бойыңнан күшің кетіп+,
Өміріңнің соңында ыңырситын боласың.
12 Сонда былай дерсің: “Неге ғана жөнге салуды жек көрдім!
Неге ғана түзетуді менсінбеді жүрегім!
13 Тәлімгерлерімнің айтқанын тыңдамадым,
Ұстаздарыма да құлақ аспадым,
14 Міне, сондықтан күллі қауымның алдында+,
Біржола күйрей жаздадым”.
15 Өз құдығыңның суынан іш,
Өз қайнарыңнан шөліңді қандыр+.
16 Бұлағыңды далаға ағызып,
Ағын суыңды алаңдарға жайып қайтесің+?
17 Ол тек қана сенікі болсын,
Бөтендермен бөліспе+.
18 Өз бұлағың жарылқансын,
Жастай қосылған қосағыңнан қуаныш тап+.
19 Ол маралдай сұлу, тауешкідей сымбатты+,
Оның төсінен ләззат тап әрдайым,
Мас бола бер махаббатына лайым+.
20 Балам, бұзылған әйелге құмартудың,
Азғын әйелдің кеудесін құшудың қажеті не+?
21 Адамның бар жолы Ехобаның көз алдында,
Күллі ісін ол тексереді+.
22 Зұлым өз қылмысының тұзағына түсер,
Өз күнәсінің құрығына ілігер+.
23 Тәрбиесіздігі оны өлімге душар етер,
Тым ақымақтығы тура жолдан адастырар.