Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. Барсабиямен жақындасқан соң+, оған Натан пайғамбар келгеннен кейін айтқан сөздері.
51 Уа, Құдайым, айнымас сүйіспеншілігіңе сай маған ықыласыңды түсіре көрші+.
Зор мейірімділігіңе сай қылмыстарымды өшіріп тастай көрші+.
2 Қателігімнен мені жуып тазартшы+,
Күнәмнан да тазартып ағартшы+.
3 Себебі жасаған қылмыстарым өзіме аян,
Күнәм да әрдайым есімде+.
4 Жасаған күнәм, ең алдымен, өзіңе қарсы болды+,
Мен сен жек көретін қылық жасадым+.
Сондықтан айтқан сөздерің әділ,
Шығарған үкімің дұрыс+.
5 Мен күнәкар боп дүниеге келдім,
Ана құрсағына біткен сәттен-ақ күнәкар едім+.
6 Адамның ішкі сарайының шынайылығы сені рақатқа бөлейді+;
Уа, Құдайым, жан дүниеме нағыз даналық ұялата көрші.
7 Күнәмнан арылта көр, сонда таза боламын+,
Мені жуып-шая көр, сонда қардан да аппақ боламын+.
8 Шаттық пен қуаныш үнін естірте көр,
Өзің күйреткен сүйектерім бір марқайып қалсын+.
9 Күнәларыма назарыңды аудармашы+,
Барлық қателігімді өшіріп тасташы+.
10 Уа, Құдайым, кеудеме таза жүрек сала көр+,
Жаңа да берік рух дарыта көр+.
11 Көз алдыңнан мені аластатпашы,
Киелі рухыңды менен алып қоймашы.
12 Құтқарғанда сыйлаған қуанышыңды тағы да сыйлашы+,
Бойымда бойсұнушылық рухын оятшы.
13 Мен қылмыскерлерге ақ жолыңды үйретемін+,
Сонда күнәкарлар өзіңе қайта бет бұрады.
14 Уа, Құдайым, құтқарушы Құдайым+,
Қан төккен мені кінәдан арылтшы+,
Шаттана әділдігіңді жария етейін+.
15 Сөйлеуге ерік бере көр, уа, Ехоба,
Аузым өзіңді дәріптесін+.
16 Өйткені сен құрбандықты қаламайсың, әйтпесе оны шалар ем+;
Сен түгел өртелетін құрбандықты да жаратпайсың+.
17 Құдайға ұнайтын құрбандық — күйреген рух;
Жаралы, күйзелген жүрекке, уа, Құдайым, сен теріс қарамайсың+.
18 Игі ниетіңмен Сионға жақсылық жасай көр,
Иерусалимнің қабырғаларын қайта тұрғыза көр.
19 Сонда сен әділдік құрбандықтарына,
Түгел өртелетін құрбандықтар мен сый-тартуларға қуанасың;
Сонда құрбандық ошағыңда бұқалар шалынады+.