Қорынттықтарға 1-хат
2 Бауырластар, мен де сендерге сөзіммен, даналығыммен әсер қалдыру үшін емес+, Құдайдың қасиетті құпиясын+ жариялау үшін барған болатынмын. 2 Өйткені назарларыңды тек Иса Мәсіхке және оның бағанаға ілінгеніне аударуға бел буған едім+. 3 Мен өздеріңе әлсіз күйде, қатты жүрексініп, қалтырап бардым. 4 Сөздерім мен уағызымды адамды сендіретіндей даналықпен емес, Құдайдың рухы мен құдіреті көрінетіндей етіп айттым+. 5 Осылайша сенімдерің адамның даналығына емес, Құдайдың құдіретіне негізделсе екен дедім.
6 Біз даналық жөнінде рухани толысқандардың+ арасында айтып жүрміз. Бірақ бұл — осы заман* мен оның құрып жоқ болатын билеушілерінің даналығы емес+. 7 Қайта, қасиетті құпия+ арқылы көрінген Құдайдың даналығы, яғни жасырын даналық, туралы айтып жүрміз. Құдай оны біз ұлылыққа ие болу үшін замандар* бұрын ойластырып қойған болатын. 8 Бұл даналықты осы заманның ешбір билеушісі түсінбеді+, егер түсінсе, ұлы Иемізді бағанаға ілмес еді. 9 Себебі Жазбада былай делінген: “Құдай өзін сүйетіндерге көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген нәрселерді дайындап қойған”+. 10 Бұны Құдай бізге өз рухы+ арқылы ашты+. Өйткені рух барлығын, тіпті Құдайдың терең даналығын да зерттейді+.
11 Адамның ойларын өзінен* басқа біреу біле алушы ма еді? Сол сияқты, Құдайдың да ойларын өз рухынан басқа ешкім білмейді. 12 Ал біз осы дүниенің рухын емес, Құдайдан келген рухты қабылдадық+. Осының арқасында Құдайдың бізге тарту еткендерінің бәрін түсіне аламыз. 13 Солар туралы айтып та жүрміз, әрі мұны адам баласының даналығымен емес+, киелі рух үйреткен+ сөздермен жеткіземіз. Осылайша рухани нәрселерді рухани сөздермен түсіндіреміз.
14 Бірақ тәндік көзқарастағы адам Құдай рухы ашқан нәрселерді қабылдамайды, себебі ақымақтық деп есептейді, танып-біле де алмайды, өйткені бұларға баға беру үшін Құдай рухы қажет. 15 Ал Құдай рухының жетелеуімен жүретін адам барлығына баға бере алады+, бірақ басқалар бұндай адамға баға бере алмайды. 16 “Ехобаға нұсқау беретіндей, оның ой-санасын кім танып-білген?”+ Ал бізде Мәсіхтің ой-санасы бар+.