Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры.
Әділ болғаның үшін мені құтқара көрші+.
2 Еңкейіп маған құлақ түрші,
Тезірек мені құтқаршы+.
Мен үшін тас қамал, бассауғалайтын бекініс болшы+.
6 Пайдасыз әрі түкке тұрғысыз пұттарға табынатындарды жек көремін;
Мен Ехобаға арқа сүйеймін.
7 Айнымас сүйіспеншілігіңе қатты қуанамын,
Өйткені сен менің қасіретімді байқадың+,
Жанымның азабына назар аудардың.
8 Мені жауымның қолына бермедің,
Қайта, қауіпсіз жерге тұрғыздың.
9 Мен қасіретке қалдым, уа, Ехоба, ықыласыңды түсіре көр,
Қайғы-мұңнан көзім де, тұла бойым да әлсіреді+.
10 Қайғыдан өмірім,
Күрсінуден жылдарым қысқарып барады+.
Күнәмнің кесірінен қуатым қайтып,
Сүйектерім әлсіреп барады+.
Таныстарым болса менен қорқады,
Жұрт алдында көрсе, қашады+.
12 Өліп қалғанымдай, мені жүректерінен алып тастады, ұмытты;
Мен сынып қалған құмыраға ұқсаймын.
13 Өзім жайлы лақапты көп естимін,
Қайда қарасам да, бойымды үрей билейді+.
Олар бірі қалмай маған қарсы бас қосып,
Жанымды алуды ойластыруда+.
15 Күндерім сенің қолыңда.
Мені жауларым мен қудалаушыларымнан сақташы+.
16 Қызметшіңе жүзіңнің нұрын түсіре көр+,
Айнымас сүйіспеншілігіңмен құтқара көр.
18 Әділ жанға қарсы паңдана жалған сөйлейтіндердің,
Тәкаппарлық пен жеккөрушіліктің шегін білмейтіндердің, аузына құм құйылсын+.
20 Оларды зұлымдардың арам пиғылынан
Құпия жеріңе тығып қоясың+,
Ащы тілден қорғап, панаңа жасырасың+.
21 Лайым Ехоба мадақталсын!
Өйткені ол қоршауға алынған қалада+
Маған керемет айнымас сүйіспеншілігін көрсетті+.