Зәбүр
Бенияминдік Құштың сөздеріне қатысты Дәуіттің Ехобаға айтқан жоқтауы*.
2 Әйтпесе олар мені арыстандай паршалайды+,
Алып кетеді де, құтқаратын ешкім болмайды.
3 Уа, Ехоба Құдайым, егер біреуге жамандық жасасам,
Әділетсіздікке барып,
4 Жақсылық жасағанға жамандықпен қайтарсам+,
Не жауымды еш себепсіз талан-таражға салсам*,
5 Дұшпаным өкшелей қуып, жанымды уысына түсірсін,
Мені* жерге тастап, таптасын,
Абыройдан жұрдай қылсын. (Села)
6 Уа, Ехоба, қаһарлана көтерілші!
7 Халықтар айналаңа жиналсын,
Сен оларды тағыңда отырып соттайсың.
8 Халықтарға үкімді Ехоба шығарады+.
Уа, Ехоба, мені әділдігім мен мінсіздігіме қарай сотташы+.
Өйткені сен адамның жүрегі мен көңіл түбіндегі ой-сезімін* тексеретін+ әділ Құдайсың+.
10 Құдай — менің қалқаным+, ақжүрек жандардың Құтқарушысы+.
11 Құдай — әділ Төреші+,
Ол үкімдерін күн сайын жария етеді.
13 Жойқын қару-жарағын қамдайды,
Отты жебелерін де әзір ұстайды+.
14 Міне, әлдекім зұлымдыққа жүкті болады,
Бойына жамандық бітіп, ол өтірік туады+.
15 Ор қазып, оны тереңдетеді,
Бірақ қазған орына өзі түседі+.
16 Ойлаған жамандығы өз басына келеді+,
Жауыздығы қара басына көрінеді.