Шежірелер 1-жазба
20 Жылдың басында*, патшалар жорыққа аттанатын кезде, Жоғаб+ әскерімен жорыққа шығып, аммондықтардың жерін ойран етті. Ол Раббаға+ келіп, қаланы қоршауға алды. Бұл кезде Дәуіт Иерусалимде қалған еді+. Жоғаб Раббаға шабуыл жасап, оны күйретті+. 2 Ол Малхамның басындағы тәжін шешіп алды. Ол бір талант* алтыннан жасалып, асыл тастармен әшекейленген екен. Тәж Дәуіттің басына кигізілді. Бұған қоса, ол қаладан өте көп олжа алып шықты+. 3 Дәуіт қала тұрғындарын да алып шығып, тас кестіріп қойды, сондай-ақ оларды өткір темір саймандармен, балтамен істелетін жұмысқа салды+. Дәуіт аммондықтардың барлық қалаларының тұрғындарын да осындай жұмысқа салды. Содан Дәуіт бүкіл сарбаздарымен Иерусалимге қайтып келді.
4 Бұдан кейін Гезерде філістірлермен тағы да соғыс болды. Сол шайқаста хушалық Сибекай+ рефаимдердің+ тағы бір ұрпағы Сипайдың көзін құртты. Осылай філістірлер тізе бүкті.
5 Філістірлермен болған келесі бір шайқаста Жайырдың ұлы Елханан ғаттық Ғолияттың+ бауыры Лахмиді жер құштырды. Әлгі філістірдің найзасының сабы тоқымашының кергі ағашындай еді+.
6 Бұдан кейін Ғатта+ соғыс бұрқ етті. Сол жерде аяқ-қолдарында алты-алтыдан — барлығы 24 саусағы бар ерекше үлкен кісі болды+. Ол да рефаимдер ұрпағынан еді+. 7 Осы алып исраилдіктерге тіл тигізе берген соң+, Дәуіттің ағасы Шиманың+ ұлы Жонатан оны өлтіріп тастады.
8 Рефаимдер+ ұрпағынан шыққан осы алыптар Ғаттан еді+. Олар Дәуіт пен оның қызметшілерінің қолынан қаза тапты.