Ишая
54 —Ей, құрсақ көтермеген бедеу әйел, қуана дауыста+!
Ешқашан толғақ азабын көрмеген әйел+, шаттан, қуана айғайла+!
Жіптерін барынша ұзарт,
Қазықтарын нығайт+.
3 Сен шегараларыңды оңға да, солға да кеңейтесің.
Ал ұрпақтарың ұлттарға иелік етіп,
Қаңырап бос қалған қалаларға қоныс тебеді+.
Жас күніңде ұятқа қалғаныңды ұмытасың,
Жесір қалып масқара болғаныңды енді қайтып есіңе алмайсың.
Исраилдің Киелі Құдайы — Құныңды өтеуші+.
Ол жержүзінің Құдайы деп аталатын болады+.
6 Ехоба сені күйеуі тастап, жан азабына түскен,
Жас күнінде тұрмыс құрып, кейін күйеуі талақ еткен әйелді шақырғандай шақырып алды+,— дейді сенің Құдайың.
8 Қаһарымды төккенде, аз уақытқа сенен жүзімді жасырған едім+,
Бірақ мәңгілік айнымас сүйіспеншілігіммен саған мейірім танытамын+,— дейді Құныңды өтеуші+ Ехоба.
9 —Мен үшін бұл Нұхтың заманына ұқсайды+.
Сонда енді қайтып жер бетін топан су қаптамайды деп ант еткенімдей+,
Енді қайтып саған қаһарымды төкпеймін, жазаламаймын деп ант етемін+.
10 Таулар орнынан қозғалар,
Қырлар шайқалар,
Ал менің саған деген айнымас сүйіспеншілігім суымайды+,
Татулық келісімім мызғымайды+,— дейді саған мейірін түсірген Ехоба+.
11 —Ей, бейшара әйел+! Дауыл сабалаған, жұбаныш көрмеген әйел+!
Мен тастарыңды мықты ерітіндімен,
Іргетасыңды жақұтпен қалаймын+.
12 Дуалыңдағы мұнараларды лағылдан,
Қақпаларыңды шоқтай қызыл тастардан,
Шегара атаулыңды асыл тастардан жасаймын.
13 Балаларыңның бәрі Ехобадан тәлім алады+.
Олардың тыныштығы ұшан-теңіз болады+.
14 Сен әділдікті берік негіз қыласың+.
Қысымшылықтың не екенін білмейтін боласың+,
Сені ештеңе қорқытпайды, шошытпайды да.
Мұндай нәрсе саған жоламайды+.
15 Біреу саған шабуылдаса,
Ол мұны менің бұйыруыммен жасамайды.
Саған шабуыл жасайтындардың бәрі жеңіліске ұшырайды+.
16 Біліп қой, алаулаған шоқтарды үрлеп,
Қару жасайтын ұстаны өзім жаратқанмын.
Талқандау үшін қырып-жоятын адамды да мен жараттым+.
17 Саған қарсы жасалған ешбір қару жеңіске жетпейді+.
Сен сотта өзіңе қарсы сөйлеген кез келген тілді айыптайсың.
Ехобаның қызметшілері ие болатын мұра — міне, осы.
Мен оларды әділ деп санаймын,— дейді Ехоба+.