Мұсаның 1-жазбасы
11 Жер бетіндегі күллі адамзат бір тілде сөйлеп, бірдей сөздерді қолданды. 2 Олар шығысқа қарай көше отырып, Шинар өлкесінде+ бір кең аңғарды көріп, сол жерге қоныс тепті. 3 Содан олар бір-біріне: “Келіңдер, кірпіш жасап, оны отқа күйдірейік”,— десті. Сөйтіп, олар тас орнына кірпіш, ал кірпішті қалау үшін қоспа ретінде қарамай қолданды. 4 Сосын олар: “Келіңдер, өзімізге қала және төбесі көкке жететін мұнара соғып алайық. Осылайша атымызды шығарамыз, әрі жердің түкпір-түкпіріне тарап кетпейміз”+,— деді.
5 Ехоба төмен түсіп, адам баласы соғып жатқан қала мен мұнараны көрді. 6 Сонда Ехоба былай деді: “Бір тілде сөйлейтін+ біртұтас халық болғандықтан, бұлардың не істеп жатқанын қарашы. Енді олар ойларына не алса, соны істемей тынбайды. 7 Төмен түсіп, олар бір-бірін түсінбес үшін тілін шатастырып жіберейік+”. 8 Сөйтіп, Ехоба оларды бүкіл жер бетіне бытыратып жіберді+. Осылай қала құрылысы тоқтады. 9 Сондықтан да бұл қала Бабыл*+ деп аталды. Өйткені Ехоба жер бетіндегі адамдардың тілін шатастырған еді, әрі Ехоба оларды сол жерден бүкіл шартарапқа бытыратып жіберген болатын.
Топан судан соң екі жыл өтіп, Арпақсат+ туылғанда, Шам 100 жаста болатын. 11 Арпақсат туылғаннан кейін, Шам 500 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды+.
12 Арпақсат 35 жасқа келгенде, одан Шелах+ туылды. 13 Шелах туылғаннан кейін, Арпақсат 403 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
14 Шелах 30 жасқа келгенде, одан Ебер+ туылды. 15 Ебер туылғаннан кейін, Шелах 403 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
16 Ебер 34 жасқа келгенде, одан Пелек+ туылды. 17 Пелек туылғаннан кейін, Ебер 430 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
18 Пелек 30 жасқа келгенде, одан Регу+ туылды. 19 Регу туылғаннан кейін, Пелек 209 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
20 Регу 32 жасқа келгенде, одан Серух туылды. 21 Серух туылғаннан кейін, Регу 207 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
22 Серух 30 жасқа келгенде, одан Нахор туылды. 23 Нахор туылғаннан кейін, Серух 200 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
24 Нахор 29 жасқа келгенде, одан Тарах+ туылды. 25 Тарах туылғаннан кейін, Нахор 119 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
26 Тарах 70 жасқа келгенде, одан Ыбырам+, Нахор+, Харан туылды.
27 Тарах жөнінде:
Тарахтан Ыбырам, Нахор, Харан туылды. Ал Хараннан Лұт+ туылды. 28 Әкесі Тарахтың көзі тірісінде Харан туған жерінде, халдейлердің+ Ур+ қаласында, қайтыс болды. 29 Ыбырам да, Нахор да үйленді. Ыбырамның әйелінің аты Сарай+, ал Нахордың әйелінің аты Мылқа+ еді. Ол Харанның қызы болатын. Харан — Ысқаның да әкесі. 30 Сарай бедеу болып, бала тумады+.
31 Тарах өзінің ұлы Ыбырамды және немересі Лұтты+, яғни Харанның ұлын, сондай-ақ келіні Сарайды, яғни Ыбырамның әйелін алып, халдейлердің Ур қаласынан Қанахан+ өлкесіне қарай жолға шықты. Содан олар Харан+ жеріне келіп, қоныстап қалды. 32 Тарах 205 жыл жасап, Харанда қайтыс болды.