Зәбүр
Асаптың+ жыры.
79 Уа, Құдай, ұлттар меншікті иелігіңе+ баса көктеп кірді,
Киелі ғибадатханаңды арамдады+,
Иерусалимді бір төбе үйіндіге айналдырды+.
2 Қызметшілеріңнің мәйітін құстарға жем қылды,
Адал қызметшілеріңнің денесін жабайы аңдарға қалдырды+.
3 Иерусалимді айналдыра қандарын судай ағызды,
Сүйектерін жерлейтін ешкім болмады+.
4 Көршілеріміз бізді қорлады+,
Маңайымыздағылар мазақтап, күлкі етті.
5 Уа, Ехоба, қашанғы ашулана бересің? Мәңгі ме+?
Қашанғы қаһарыңды оттай лаулата бересің+?
6 Ашуыңды өзіңді білмейтін ұлттарға,
Сені есіміңмен шақырмайтын патшалықтарға төкші+.
7 Себебі олар Жақыпты жалмап қойды,
Елін қаңыратып бос қалдырды+.
8 Мойнымызға бабаларымыздың күнәсін жүктемеші+.
Тезірек мейіріміңді көрсетші+,
Өйткені біз әбден қалжырадық.
Есімің үшін құтқаршы, күнәларымызды кешіре көрші+.
10 Ұлттарға: “Олардың Құдайлары қайда?”— дегізіп не керек+?
Қызметшілеріңнің төгілген қаны үшін кек алынғанын олар білсінші+,
Бұл біздің көз алдымызда болсыншы.