Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. Ән.
Біз сенің үйіңде+, киелі ғибадатханаңда, мол игілік көреміз+.
5 Сен бізге таңғажайып әділ істеріңмен жауап бересің+,
Уа, құтқарушы Құдайымыз,
Арқа сүйерісің жержүзі адамдарының+,
Шалғайдағы теңіз аймағында тұратындардың.
7 Сен* буырқанған теңіздерді, оның долы толқындарын да тыныштандырасың+,
Халықтардың толқуын да басасың+.
8 Қиыр шеттің тұрғындары белгілеріңе таң-тамаша болады+;
Күншығыстан күнбатысқа дейінгілерге шаттық әнін айтқызасың.
9 Сен жердің қамын жасайсың,
Оның өнімін мол қыласың, байытасың+,
Өзендерді суға толтырасың,
Дәнді дақылдарын өсіріп шығарасың+,
Себебі жерді осылай дайындағансың.
10 Жыртылған жерді суға қандырасың, топырағын тегістейсің,
Жаңбыр жаудырып, жұмсартасың; өскініне батаңды төгесің+.
11 Осы жылға игілігіңді тәж етіп кигіздің,
Жүріп өткен ізіңнен молшылық көрінеді+.
13 Жайылымдарда мыңғырған мал жайылады,
Аңғарларда самсаған егін жайқалады+.
Олар шаттана айғайлайды, иә, ән салады+.