Нехемия
8 Содан күллі жұрт Су қақпасының+ алдындағы алаңға бір кісідей жиналып, көшірмеші Езрадан+ Мұса Заңы жазылған кітапты+, Ехобаның Исраилге берген заңдарын+, әкелуін сұрады. 2 Діни қызметкер Езра жиналған ерлер мен әйелдердің және тыңдап, түсіне алатын балалардың алдына Заң кітабын алып шықты+. Бұл жетінші айдың бірінші күні болатын+. 3 Су қақпасының алдындағы алаңда Езра Заң кітабын күн шыққаннан тал түске дейін еркектер мен әйелдерге және түсіне алатын балаларға оқыды+. Жұрт оқылғанды мұқият тыңдады+. 4 Көшірмеші Езра арнайы жасалған ағаш мінбенің үстінде тұрды. Оның оң жағында Матетиях, Шема, Анаях, Ұрия, Хелкия және Мағасеях тұрса, сол жағында Педаях, Мишаел, Малхиях+, Хашум, Хашбадан, Зәкәрия және Мешулам тұрды.
5 Езра жоғары тұрғандықтан, жұрт оның кітапты ашқанын көрді. Ол кітапты ашқанда, бәрі орындарынан тұрды. 6 Езра шынайы әрі ұлы Құдай Ехобаны мадақтады, сонда күллі жұрт қолдарын көкке жайып: “Аумин! Аумин!”— десті+. Сосын олар жерге бас ұрып, Ехобаға тағзым етті. 7 Ешуа, Бани, Шеребиях+, Ямин, Ақұп, Шабетай, Ходиях, Мағасеях, Келита, Ахариях, Жозабад+, Ханан, Пелаях деген леуіліктер сол жерде тұрған халыққа Заңды түсіндірді+. 8 Олар Құдай Заңы жазылған кітапты дауыстап оқып, анық етіп түсіндіріп, мәнін ашып беріп тұрды. Осылай адамдарға оқылып жатқан сөздерді ұғынуға көмектесті+.
9 Сол уақытта әмірші болған Нехемия, діни қызметкер әрі көшірмеші Езра+ және халықты үйретіп жатқан леуіліктер жиналған жұртқа: “Бұл — Ехоба Құдайларыңа арналған қасиетті күн+. Қайғырып, жыламаңдар”,— деді. Өйткені олар Заңның сөздерін естіп, жылап тұрған еді. 10 Ол халыққа былай деді: “Барыңдар да, ең жақсы* тағамдар жеп, тәтті сусындар ішіңдер. Ештеңе дайындамаған адамдарға ас-ауқаттарыңнан беріңдер+. Бұл — Иемізге арналған қасиетті күн. Қайғырмаңдар, Ехоба сыйлайтын қуаныш — сендер үшін берік қорған*”. 11 Леуіліктер де жұртты тыныштандырып: “Қойыңдар, жыламаңдар! Өйткені бұл — қасиетті күн”,— деді. 12 Содан бәрі тарап кетті. Олар ішіп-жеп, ас-ауқаттарымен бөлісіп, зор қуанышқа бөленді+. Себебі өздеріне айтылған сөздердің мәнін түсінген еді+.
13 Екінші күні халықтың әулетбасылары, діни қызметкерлер мен леуіліктер Заңда жазылған сөздерді тереңірек түсіну үшін, көшірмеші Езраның қасына жиналды. 14 Сонда олар Ехобаның Мұса арқылы берген Заңынан жетінші айда өткізілетін мейрам кезінде исраилдіктердің күркелерде* тұру керектігін білді+. 15 Сондай-ақ барлық қалаларында және күллі Иерусалимде: “Заңда жазылғанға сай, күркелер жасау үшін, таулы өңірге барып, зәйтүн, самырсын, мирта мен пальма ағаштарының және басқа да ағаштардың жапырақты бұтақтарын әкеліңдер”,— деп жариялану керектігін білді+.
16 Сөйтіп, жұрт барып, өз үйлерінің төбесіне, аулаларына, Құдай үйінің аулаларына+ және Су қақпасы+ мен Ефрем қақпасының+ алдындағы алаңға күркелер жасау үшін, бұтақтар алып келді. 17 Осылай тұтқыннан оралған бүкіл қауым күркелер жасап, соларда тұрды. Нұн ұлы Ешуаның+ күнінен бері исраилдіктер зор қуанышқа бөленіп, мейрамды осылай тойламаған еді+. 18 Мейрамның алғашқы күнінен соңына дейін, Құдай Заңы жазылған кітап күн сайын оқылып тұрды+. Олар мейрамды жеті күн тойлап, сегізінші күні, ережеге сай, салтанатты жиын өткізді+.