Мұсаның 5-жазбасы
33 Шынайы Құдайдың адамы Мұса өлер алдында исраилдіктерге батасын беріп+, 2 былай деді:
“Ехоба Синайдан келді+,
Сейірден оларға нұрын шашты,
Ұлылыққа бөленіп, Паран таулы өңірінен сәулесін төкті+,
Қасында сансыз көп қасиетті періштесі* болды+,
Оң жағында оның жауынгерлері тұрды+.
7 Сосын Мұса Яһудаға былай деп бата берді+:
“Уа, Ехоба, Яһуданың үніне құлақ түр+,
Оны халқының арасына қайтара көр.
Ол қорғайды меншігін өз қолымен,
Жауларымен шайқасқанда, оған көмектесе көр+”.
8 Леуі туралы+ Мұса былай деді:
Мериба суларының қасында онымен дауластың+.
9 Ол әке-шешесінің ығына жығылмады,
Тіпті өз бауырларын мойындамады+,
Ұлдарын да елемеді.
Өйткені ол сенің сөзіңе құлақ асып,
Келісіміңді бұлжытпай ұстанды+.
11 Уа, Ехоба, оның күшін жарылқай көр,
Жасаған істері саған жағымды болсын,
Оған қарсы шыққандардың аяғын* сындыр,
Осылай оны жек көретіндер қайтып бас көтере алмасын”.
12 Бениямин жайлы Мұса мынаны айтты+:
“Ехобаның сүйіктісі жанында қауіпсіз өмір сүрсін,
Күні бойы болып оның панасында,
Қоныстанады екі жауырынының ортасына”.
13 Ал Жүсіпке қатысты Мұса былай деді+:
“Ехоба оның жерін жарылқасын+,
Көктің ең таңдаулы сыйларымен,
Шықпен және жерасты суларымен+,
14 Күн нұрымен өскен ең жақсы жемістермен,
Ай сайын жиналатын таңдаулы өнімдермен+,
15 Ежелгі таулардың* ең таңдаулы сыйларымен+,
Мәңгі қырлардың ең жақсы тартуларымен,
16 Жер байлығымен және оның барлық өнімімен+,
Тікенді бұтаның арасынан көрінгеннің ықыласымен+.
Осы батаның бәрі Жүсіптің басына қонсын,
Бауырларының арасынан таңдап алынғанның төбесіне үйіп-төгілсін+.
17 Ол тұңғыш туылған бұқадай көрікті,
Мүйіздері оның жабайы бұқанікіндей,
Соларымен халықтарды сүзіп,
Бәрін жердің шетіне дейін ығыстырады.
Бұл мүйіздер Ефремнің он мыңдаған ұрпағы+,
Сондай-ақ Манасаның мыңдаған үрім-бұтағы”.
18 Мұса Забулон туралы былай деді+:
“Қуан, уа, Забулон, сапарға шыққанда,
Сен де, Исахар, шатырларыңның ішінде+.
19 Олар халықтарды тауға шақырып,
Сол жерде әділдіктің құрбандығын ұсынады.
Өйткені теңіздің мол байлығына кенеліп,
Құмға жасырылған қазынаның рақатын көреді”.
20 Сосын Ғад жайында мынаны айтты+:
“Ғадтың шегарасын кеңейтуші жарылқансын+.
Ол арыстандай жерде жатып алар,
Жемтігінің қолын, тіпті басын паршалауға дайын тұрар.
Халықтың басшылары жиналады.
Ол Ехобаның әділдігін жүзеге асырып,
Исраил үшін сот шешімдерін орындайды”.
22 Ал Дан жайлы Мұса былай деді+:
“Дан арыстанның күшігі+,
Ол Башаннан атылып шыға келеді+”.
23 Нафталим туралы болса былай деді+:
“Нафталим Ехобаның ықыласына бөленіп,
Мол батасына кенелген.
Батыс пен оңтүстік өлкені иемден”.
24 Аширға қатысты Мұса мынаны айтты+:
“Ашир жарылқанды ұлдары көбейіп.
Ол бауырларына сыйлы болсын,
Аяқтарын майға малсын.
25 Қақпа ысырмаларың темір мен мыстан жасалған+,
Бар ғұмырың қауіпсіздікте өтер.
26 Ешурунның+ Құдайына тең келер ешкім жоқ+,
Ол саған көмектесу үшін көкті жарып,
Ұлылықпен келеді бұлт үстінде+.
28 Исраил қауіпсіздікте өмір сүреді,
Жақыптың бұлағы оңаша болады.
Астығы мен жаңа шарабы ағыл-тегіл+,
Аспанынан шық жауатын өлкеде тұрады+.