Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. “Лалагүлдер” әуенімен айтуға арналған. Қорах ұлдарының жыры+. Маскил*. Махаббат әні.
Лайым тілім шебер көшірмешінің қаламындай+ болсын+.
2 Сен адам баласының ең көркемісің.
Неткен жағымды аузыңнан шыққан сөздерің+!
Сондықтан да Құдай сені мәңгілікке жарылқады+.
7 Сен әділдікті сүйіп+, зұлымдықты жек көрдің+,
Сондықтан да Құдай, сенің Құдайың,
Басқа патшаларға қарағанда сені қуаныш майымен+ көбірек майлады+.
8 Барлық киіміңнен мүр, алоэ, кассияның жұпар иісі аңқиды,
Піл сүйегімен безендірілген зәулім сарайыңдағы ішекті аспап әуені көңіліңді көтереді.
9 Өзің ардақтайтын әйелдер арасында патша қыздары да тұр,
Ал оң жағыңда Опыр алтынымен+ сәнденген патшайым тұр.
10 Қызым, ден қойып, сөзіме құлақ түр;
Халқыңды да, әкеңнің үйін де ұмыт қалдыр.
12 Тир қызы тарту-таралғысын әкеледі,
Ең дәулетті кісілер ықыласыңа ие болғысы келеді.
13 Сарайда отыр патша қызы бар сән-салтанатымен,
Үстіндегі киімі алтынмен әрленген.
15 Олар зор қуаныш, шаттықпен әкелінеді;
Патша сарайына салтанатпен енеді.
16 Ұлдарың бабаларыңның орнын басады.
Сен оларды бүкіл жержүзіне әміршілер етіп қоясың+.
17 Мен есіміңді келер ұрпақтың бәріне танымал етемін+.
Сондықтан халықтар сені мәңгі бақи дәріптей береді.