Мұсаның 5-жазбасы
31 Содан кейін Мұса күллі Исраилге былай деді: 2 “Міне, мен 120 жасқа келдім+. Бұдан былай сендерді бастап жүре алмаймын, өйткені Ехоба маған: —Иорданның арғы бетіне өтпейсің,— деген+. 3 Сендерді арғы бетке Ехоба Құдайларыңның өзі алып өтеді. Ол алдарыңдағы халықтарды бағындырып береді, ал сендер олардың көзін құртасыңдар+. Ехоба айтқандай, арғы бетке сендерді Ешуа бастап барады+. 4 Аморлықтардың патшалары Сихон мен Огқа және олардың еліне жасағанын+ Ехоба сол халықтарға да жасап, құртып жібереді+. 5 Ехоба сендерге жеңіс береді, сонда оларға мен өздеріңе берген заңдарға сай істеңдер+. 6 Батыл да берік болыңдар+! Олардан қорқып, зәрелерің ұшпасын+, өйткені Ехоба Құдайларың сендермен бірге жүреді. Ол сендерді ешқашан тастамайды, жалғыз қалдырмайды+”.
7 Сосын Мұса Ешуаны шақырып алып, Исраил халқының алдында оған: “Батыл да берік бол+! Өйткені мына халықты Ехоба ата-бабаларына уәде еткен өлкеге апаратын — сенсің. Сол жерді олардың иеліктеріне бөліп бересің+. 8 Ехобаның өзі алдыңда жүріп отырады, әрі саған әрдайым жар болады+. Сені ешқашан тастамайды, жалғыз қалдырмайды. Сондықтан қорқып, зәрең ұшпасын+”,— деді.
9 Сосын Мұса осы Заңды жазып+, Ехобаның келісім сандығын көтеріп жүретін леуілік діни қызметкерлерге және Исраилдің күллі ақсақалдарына табыстап, 10 оларға былай деп бұйырды: “Әрбір жетінші жылдың соңында, қарыз кешіруге белгіленген жылы+, Күркелер мейрамында+, 11 күллі Исраил Ехоба Құдайларының алдына+, өзі таңдаған жерге жиналғанда, осы Заңды дүйім жұртқа естіртіп оқитын болыңдар+. 12 Бүкіл халықты: ерлер мен әйелдерді, бала-шағаны, қалаларыңда тұрып жатқан жатжерліктерді — жинаңдар+. Олар осы Заңды тыңдап, Ехоба Құдайларыңнан қорқуды және сонда айтылғандарды ұқыптылықпен орындауды үйренсін. 13 Иорданның арғы бетіне өтіп, иемденген жерде тұрып жатқандарыңда+, осы Заңды білмейтін ұрпақтарың да оны тыңдап+, өмір бойы Ехоба Құдайларынан қорқуды үйренетін болсын”.
14 Содан соң Ехоба Мұсаға: “Міне, көз жұматын уақытың таяп қалды+. Ешуаны шақыр да, екеуің кездесу шатырының алдында тұрыңдар. Мен оны басшы етіп тағайындаймын+”,— деді. Мұса мен Ешуа кездесу шатырының алдына барып тұрды. 15 Сонда бұлт бағанасынан Ехобаның ұлылығы көрінді. Сосын бұлт бағанасы шатырдың кіреберісіне барып тұрды+.
16 Ехоба Мұсаға былай деді: “Міне, ата-бабаңа қосылатын уақытың таяды. Мына халық өздері бара жатқан жердегі халықтардың құдайларына табынып, азғындық жасайтын болады+. Менімен жасасқан келісімді бұзып, мені тастап кетеді+. 17 Сонда қаһарымды төгіп+, өздерін тастап кетемін+, жойылып кеткендерінше, бет-жүзімді жасырамын+. Бастарына небір апат пен қасірет түскенде+, олар: —Басымызға осы бақытсыздықтың бәрі Құдай арамызда болмағандықтан түсіп жатыр емес пе+?!— дейтін болады. 18 Олар бөтен тәңірлерге бет бұрып, зұлымдық жасағандықтан, мен әрі қарай да олардан жүзімді жасырамын+.
19 Ендеше, мына жырды жазып+, Исраил халқына үйрет+, олар жаттап алсын. Өйткені бұл жыр Исраил халқының есіне менің ескертулерімді салып тұратын болады+. 20 Мен оларды ата-бабаларына уәде еткен+, ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерге алып кіремін+. Сонда олар тойына ішіп-жеп, семіргеннен кейін+, бөтен тәңірлерге бет бұрып, құлшылық ете бастайды, сөйтіп, мені қастерлемей, келісімімді бұзады+. 21 Бастарына түрлі апат пен қасірет түскенде+, осы жыр оларға ескерту болады (себебі ұрпақтары оны ұмытпай, айтып жүреді). Мен олардың пиғылы қазірдің өзінде, уәде еткен жерге апармай тұрып-ақ, қандай екенін көріп тұрмын+”.
22 Сол күні Мұса осы жырды жазып, исраилдіктерге үйретті.
23 Ол* Нұн ұлы Ешуаны басшы етіп тағайындап+, оған: “Батыл да берік бол+! Өйткені исраилдіктерді мен уәде еткен жерге сен алып барасың+, мен саған әрдайым жар боламын”,— деді.
24 Мұса осы Заңды кітап бетіне түсірген соң+, 25 Ехобаның келісім сандығын алып жүретін леуіліктерге былай деп бұйырды: 26 “Мына Заң кітабын+ алып, Ехоба Құдайларыңның келісім сандығының жанына қойыңдар+. Ол сендерге қарсы айғақ болады. 27 Өйткені сендердің бүлікшіл+, қыңыр+ екендеріңді жақсы білемін. Көзім тірі кезінде Ехобаға қарсы шығып, осыншама бүлікшіл болсаңдар, мен өлген соң бұдан бетер болмайсыңдар ма?! 28 Рубасыларың мен басшыларыңды түгел қасыма жинаңдар. Мен оларға осы сөздерді жариялап, көк пен жерді* оларға қарсы куә болуға шақырамын+. 29 Себебі мен көз жұмған соң, сендердің зұлым істер жасап+, нұсқаған жолымнан тайып кететіндеріңді жақсы білемін. Ехобаның көз алдында жамандық жасап, істеген істеріңмен оны ренжітетіндіктен, болашақта апатқа ұшырайсыңдар+”.
30 Бұдан кейін Мұса күллі Исраил қауымына естіртіп, келесі жырды түгел айтып берді+.