Римдіктерге
16 Кенхреядағы+ қауымда қызмет ететін бауырласымыз Фөбені жылы қарсы алыңдар*. 2 Оны Иеміз үшін қасиеттілерге лайық қабылдап, қандай көмек қажет болса да, жәрдемдесіңдер+. Өйткені ол көп бауырластарға қорғаныш болды, солардың арасында мен де бармын.
3 Мәсіх Исаға менімен бірге қызмет етіп жүрген Приска* мен Ақилаға+ сәлем айтыңдар. 4 Олар менің жаным үшін бастарын қатерге тікті+. Оларға мен ғана емес, басқа ұлт қауымдарының бәрі де алғыс айтуда. 5 Солардың үйінде жиналатын қауымға да сәлем жолдаңдар+. Азияда* Мәсіх жолына түскен алғашқылардың бірі — сүйікті Епенетке сәлем айтыңдар. 6 Сендер үшін аянбай еңбек еткен Мәриямға сәлем жолдаңдар. 7 Түрмеде бірге отырған ағайындарым Андроник пен Юниясқа да сәлем+. Елшілерге танымал олар Мәсіх жолына менен бұрын түскен.
8 Иемізбен байланыстағы сүйікті бауырласым Амплиға да сәлем. 9 Бізбен бірге Мәсіхке қызмет етіп жүрген Ұрбанға және сүйікті бауырласым Стақиға сәлемімді жеткізіңдер. 10 Мәсіхтің жолында жақсатқа ие болған Апеллеске де сәлем. Аристобулдың үйіндегілерге де сәлем айтыңдар. 11 Туысым Иродионға сәлем жолдаңдар. Нарқыстың үй ішіндегі Иеміздің ізбасарларына да сәлемімді жеткізіңдер. 12 Иеміз үшін аянбай еңбек етіп жүрген Трифена мен Трифозаға сәлем айтыңдар. Иеміз үшін көп еңбек сіңірген сүйікті Персидаға да сәлем. 13 Иеміздің таңдаулысы Руф пен оның маған да ана болған анасына сәлем. 14 Асинкрит, Флегон, Гермес, Патроб, Гермас пен олардың қасындағы бауырластарға сәлем жолдаңдар. 15 Филолог пен Юлияға, Нере мен оның қарындасына*, Олимпаға және олардың қасындағы қасиеттілердің бәріне сәлем айтыңдар. 16 Бір-біріңді бауырластық сүйіспеншілікпен сүйіп амандасыңдар. Мәсіхтің қауымдарының бәрі сендерге сәлем жолдауда.
17 Бауырластар, сендерді мынаған шақырамын: араларыңда іріткі салып, алған ілімдеріңе қайшы әрекет етіп, өзгелерді сүріндіретін жағдайлар тудырып жүргендерді назарда ұстаңдар, әрі олардан аулақ жүріңдер+. 18 Мұндайлар — Иеміз Мәсіхтің емес, өз құлқынының құлдары. Олар майда сөйлеп, жағымпазданып, ақкөңіл адамдарды* азғырады. 19 Сендердің мойынсұнғыш екендерің жұрттың бәріне мәлім болды. Сондықтан сендер үшін қуанамын. Әйтсе де жақсылыққа келгенде дана, жамандыққа келгенде кінәратсыз болсаңдар екен деймін+. 20 Тыныштық сыйлайтын Құдай жуырда сендерге Шайтанды жаныштайтын билік береді+. Иеміз Исаның рақымы сендермен болсын!
21 Қызметтесім Тімөте және туыстарым Лүси, Ясон, Сосипатыр сендерге сәлем жолдауда+.
22 Осы хатты қағазға түсірген мен, Терти, мәсіхшілік сәлемімді жолдаймын.
23 Мені жылы қабылдаған Гайдан+ және оның үйінде жиналатын бүкіл қауымнан да сәлем. Қаланың қаржы бастығы Ераст пен бауыры Куарт сәлем айтуда. 24 * ——
25 Құдай сендерді мен жариялап жүрген ізгі хабар және Иса Мәсіх туралы уағыз арқылы нығайта алады. Бұл хабар Құдайдың қасиетті құпияға қатысты ашқандарымен үйлеседі. Қасиетті құпия+ болса ұзақ уақыттан бері ашылмай келген еді. 26 Ал енді ашылды, әрі ол мәңгі тірі Құдайдың бұйрығы бойынша, пайғамбарлар жазбалары арқылы барлық ұлттарға белгілі болды. Осылайша олар Құдайға сеніп, мойынсұнатын болады. 27 Даналықтың бірден-бір иесі+ — Құдай Иса Мәсіх арқылы мәңгі бақи даңқтала берсін! Аумин.