Мұсаның 1-жазбасы
13 Сонымен, Ыбырам әйелін, бар меншігін және Лұтты алып, Мысырдан Негевке+ кетті. 2 Ыбырамның малы мен алтын-күмісі өте көп еді+. 3 Содан ол Негевтен Бетелге қарай көшіп-қона жүріп, Бетел мен Гайдың+ ортасында өзі алғаш рет шатыр тіккен 4 әрі құрбандық орнын тұрғызған жерге жетті. Сол жерде Ыбырам Ехобаның есімін мадақтады.
5 Ыбыраммен бірге көшіп-қонып жүрген Лұттың да ірілі-ұсақты малдары және шатырлары болды. 6 Екеуінің де мал-мүліктері көбейіп кеткендіктен, жер тарлық етіп, енді олар бірге тұра алмады. 7 Содан Ыбырамның малшылары мен Лұттың малшыларының арасында дау-жанжал туа бастады. (Ол заманда қанахандықтар мен перездіктер сол жерді мекендейтін+.) 8 Сондықтан Ыбырам Лұтқа+: “Екеуміздің де, малшыларымыздың да арасында дау-жанжал болмай-ақ қойсыншы, өйткені ағайындымыз ғой. 9 Міне, қалаған жеріңді таңдап ал да, менен бөлек шыға ғой. Сен сол жаққа кетсең, мен оңға кетейін, ал оң жаққа кетсең, мен солға кетейін”,— деді. 10 Сонда Лұт айналасына көз тастап, Иордан аңғарынан Сиғорға+ дейінгі бүкіл аймақтың+ (Ехоба Содом мен Ғомораны құртқанға дейін) Ехобаның бағы+ іспетті әрі Мысыр жері сияқты суы мол екенін көрді. 11 Сөйтіп, Лұт Иордан аңғарындағы бүкіл аймақты таңдап алды да, қосын шығысқа қарай көшірді. Осылайша екеуі бір-бірінен бөлініп кетті. 12 Ыбырам Қанахан жерінде тұрып жатты. Ал Лұт өзі таңдаған аймақтағы қалалардың маңында тұрып+, ақыр соңында шатырын Содом қаласының жанына тікті. 13 Содомның тұрғындары Ехобаның көз алдында ауыр күнәға батқан зұлым адамдар еді+.
14 Лұт бөлініп кеткеннен кейін, Ехоба Ыбырамға былай деді: “Айналаңа көз тастап, өзің тұрған жерден солтүстік пен оңтүстікке, шығыс пен батысқа қарашы. 15 Көз алдыңдағы осы жердің бәрін саған және сенің ұрпағыңа мәңгілікке беремін+. 16 Мен ұрпағыңды жер бетіндегі құм қиыршықтарындай сансыз көп етемін. Кім құм қиыршықтарын санай алса, сенің ұрпағыңды да санай алғаны+. 17 Тұр да, осы жерді о шетінен бұ шетіне дейін кезіп шық, өйткені оны саған бермекпін”. 18 Сонымен, Ыбырам шатырларда тұрып, көшіп-қонып жүрді. Кейінірек Хеброндағы+ үлкен ағаштар өсетін Мамреге+ келіп қоныс тепті. Сол жерде ол Ехобаға арнап құрбандық орнын тұрғызды+.