Зәбүр
71 Өзіңді паналадым, уа, Ехоба,
Ешқашан ұятқа қалмайыншы+.
2 Әділдігіңмен мені құтқарып, аман сақташы,
Еңкейіп құлақ түрші, мені құтқаршы+.
3 Әрқашан бассауғалайтын тас қамалым болшы.
Мені құтқаруға бұйрық жіберші,
Өйткені сен менің жартасым әрі қорғанымсың+.
4 Уа, Құдайым, зұлымның қолынан,
Әділетсіз қанаушының уысынан мені азат етші+.
6 Туылғанымнан өзіңе тәуелдімін,
Мені ана құрсағынан шығарып алған өзіңсің+.
Әрдайым сені мадақтаймын.
7 Басыма түскен жайтты көріп, жұрт қайран қалады;
Бірақ сен менің берік панамсың.
8 Күні бойы өзіңді аузымнан тастамай,
Ұлылығыңды дәріптейін+.
10 Жауларым маған қарсы сөз байласады,
Жанымды алғысы келіп жүргендер бас қосып, ақылдасады+.
11 Олар өзара: “Құдай оны тастап кетті.
Қуып жетіп, ұстап алайық, себебі оны құтқаратын ешкім жоқ”,— деседі+.
12 Уа, Құдай, менен алыста тұра бермеші.
Уа, Құдайым, тезірек көмекке келші+.
13 Маған қарсы шыққандар ұятқа қалып, құрып жоқ болсын+.
Пәлеге ұшырағанымды көксейтіндер қарабет болсын,
масқарасы шықсын+.
14 Ал мен талмай өзіңді күтемін,
Әрдайым сені мадақтай беремін.
15 Аузым әділдігің жайлы айтады+,
Құтқарған кездеріңді күні бойы әңгіме қылады,
Олардың көптігі сонша — санына да жете алмаймын+.
16 Мен келіп, құдіретті істерің жөнінде айтамын,
Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба.
Тек сенің әділдігің жөнінде айтатын боламын.
17 Уа, Құдай, сен мені жастайымнан үйреттің+,
Мен әлі күнге дейін керемет істеріңді жариялап келемін+.
18 Қартайып, басымды қырау шалса да, уа, Құдайым, мені тастай көрме+.
Келер ұрпаққа сенің құдіретті қолың жайлы,
Келер буынның бәріне сенің зор күшің жайлы айтайын+.
19 Сенің әділдігің заңғар биікке дейін жетеді, уа, Құдай+.
Сен ұлы істер жасадың,
Саған тең келер кім бар, уа, Құдай+?!
20 Көптеген бақытсыздық пен қиындық көрсетсең де+,
Мені қайта жандандыршы;
Жердің тұңғиығынан қайта шығарып алшы+.
21 Мерейімді өсірші,
Мені қорғап, жұбата көрші.
22 Сонда әділдігің үшін, уа, Құдайым+,
Өзіңді ішекті аспаппен даңқтаймын.
Сені даңқтап арфамен ән шырқаймын,
Уа, Исраилдің Киелі Құдайы!