Ишая
“Қорықпа, мен құныңды өтеп алдым+.
Атыңды атап шақырдым.
Сен менікісің.
От арасынан өткеніңде, күймейсің,
Сені жалын да шарпымайды.
3 Өйткені мен сенің Құдайың Ехобамын,
Исраилдің Киелі Құдайымын, сенің Құтқарушыңмын.
Мен Мысырды сен үшін төлем ретінде ұсындым,
Орныңа Эфиопия мен Себаны бердім.
4 Сен маған қымбатсың, қадірлісің+.
Мен сені жақсы көремін+.
Сенің орныңа халықтарды,
Өмірің үшін ұлттарды беремін.
5 Қорықпа, себебі мен қасыңдамын+.
Ұрпақтарыңды күншығыстан алып келемін,
Сендерді күнбатыстан жинап аламын+.
Ұлдарымды шалғайдан, қыздарымды жердің қиыр шетінен әкеліңдер+,
7 Менің есіміммен аталатындардың бәрін+,
Ұлылығымды паш етсін деп жаратқан әрбір жанды,
Өзім қалыптастырып, өзім жаратқандарды+ алып келіңдер,— деймін.
Кәне, қайсысы мынаны айта алады?
Қайсысы алғашқы жайттарды айтып бере алады+?*
Туралықтарын дәлелдейтін куәларын шақырсын,
Олар тыңдап: —Бұл — шындық!— десін+”.
10 “Сендер менің куәгерлерімсіңдер+,— дейді Ехоба.
—Иә, сен өзім таңдаған қызметшімсің+.
Сендерді мені танып-білсін, маған сенсін,
Ешқашан өзгермейтінімді+ түсінсін деп таңдап алдым.
Маған дейін ешқандай Құдай болмаған,
Менен кейін де болған жоқ+.
11 Мен, мен Ехобамын+. Менен басқа құтқарушы жоқ+.
12 Араларыңда ешбір бөтен құдай болмай тұрып+,
Мен құтқаратынымды айттым, солай еттім де, әрі мұны кең таралатындай еттім.
Сендер менің куәгерлерімсіңдер,— дейді Ехоба,— ал мен Құдаймын+.
13 Мен ешқашан өзгермеймін+.
Менің қолымдағыны ешкім тартып ала алмайды+.
Мен іске кіріссем, кім маған тосқауыл бола алады+?!”
14 Құндарыңды өтеуші+, Исраилдің Киелі Құдайы Ехоба+ мынаны айтады:
“Сендер үшін мен оларды Бабылға аттандырамын да,
Қақпа атаулыны тас-талқан қыламын+,
Сонда кемелеріндегі халдейлер қинала айғайлайды+.
15 Мен Киелі Құдайларың Ехобамын+, Исраилдің Жаратушысы+ әрі сендердің Патшаларыңмын+”.
16 Теңіз суларынан өтетін,
Тіпті буырқанған сулардан өтетін жол салған Ехоба+ былай дейді,
17 Соғыс арбалары мен аттарды шығаратын+,
Әскермен қоса мықты сарбаздарды алып шығатын Құдай мынаны айтады:
“Олар сұлайды да, қайтып тұрмайды+.
Жойылып кетеді, жанып біткен білтедей өшеді.
18 Бұрынғы жайттарды еске алмаңдар,
Өткенді ойлап өмір сүрмеңдер.
19 Міне, мен бір жаңа нәрсе жасап жатырмын+.
Ол қазірдің өзінде жүзеге асуда.
Сендер оны байқамадыңдар ма?
20 Даланың жабайы аңдары мені мадақтайды,
Шибөрілер мен түйеқұстар даңқтайды.
Өйткені мен шөл далада су шығарып,
Қуаң далада өзендер ағыздым+.
Мен мұны таңдап алған халқым+ су ішсін,
21 Өзім үшін жаратқан халқым
Даңқымды жария етсін деп істедім+.
22 Бірақ сен мені шақырмадың, ей, Жақып+.
Өйткені сен менен шаршаған екенсің, ей, Исраил+.
23 Түгел өртелетін құрбандыққа маған арнап қой шалмадың,
Құрбандықтарыңмен мадақтамадың да.
Мен сені сый-тарту әкелуге мәжбүрлемедім,
Ладан түтетуіңді талап етіп, мезі де қылмадым+.
24 Сен маған хош иісті қамыс сатып алу үшін ақша жұмсамадың,
Құрбандықтарыңның майына да тойдырмадың+.
Қайта, мойныма күнәларыңның жүгін арттың,
Заңсыздықтарыңмен мезі қылдың+.
26 Кәне, есіме салшы; Сотта мәселемізді талқыға салайық.
Туралығыңды дәлелдеу үшін, өз пікіріңді айт.