Мұсаның 1-жазбасы
42 Жақып Мысырда астық барын естіп+, ұлдарына: “Неге бір-біріңе қарап отырсыңдар? 2 Мысырда астық бар деп естідім. Аштан өліп қалмайық десеңдер, сонда барып, астық сатып әкеліңдер+”,— деді. 3 Содан Жүсіптің он ағасы+ астық сатып алу үшін Мысырға жол тартты. 4 Бірақ Жақып Жүсіптің туған інісі Бенияминді+ олармен жібермеді, өйткені бір пәлеге ұшырап қалар деп қауіптенді+.
5 Исраилдің ұлдары өзге адамдармен бірге Мысырға астық сатып алуға келді. Себебі аштық Қанахан елін де жайлаған еді+. 6 Жүсіп Мысырда билігі бар адам болатын+. Ол жан-жақтан келген жұртқа астық сатып жатқандықтан+, бауырлары оның алдына келіп, жерге дейін иіліп тағзым етті+. 7 Жүсіп ағаларын бірден таныды, бірақ өзінің кім екенін жасырып+, оларға: “Сендер қайдан келдіңдер?”— деп қатал сөйледі. Олар: “Астық сатып алу үшін Қанахан елінен келген едік”+,— деп жауап қатты.
8 Жүсіп ағаларын танығанмен, олар оны танымады. 9 Сол кезде ағалары жайлы көрген түстері Жүсіптің есіне түсті+. Сонда оларға: “Сендер тыңшысыңдар! Осы елдің қорғансыз жерлерін біліп алуға келдіңдер!”— деді. 10 Ағалары болса: “Жо-жоқ, мырза! Алдыңыздағы құлдарыңыз бұл елге астық сатып алу үшін ғана келді. 11 Барлығымыз да бір әкенің ұлдарымыз. Біз адал адамдармыз, құлдарыңыз ешқандай да тыңшы емес”,— дегенде, 12 Жүсіп қайтадан: “Жоқ, сендер осы елдің қорғансыз жерлерін біліп алуға келдіңдер!”— деді. 13 Сонда олар: “Құлдарыңыз он екі ағайынды+. Қанаханда тұратын бір кісінің ұлдарымыз+. Кенжеміз әкеміздің қасында қалды+, ал біреуінен айырылып қалғанбыз+”,— деді.
14 Бірақ Жүсіп: “Сендер тыңшысыңдар дедім ғой! 15 Айтып тұрғандарың шындық екенін былай тексеремін: ең кіші інілеріңді осында алып келмейінше, перғауынның өмірімен ант етемін, бұл жерден ешқайда кетпейсіңдер+. 16 Араларыңнан біреуді жіберіп, інілеріңді алдыртыңдар, ал қалғандарың қамауда боласыңдар. Осылайша сөздеріңнің өтірік не шын екені аян болады. Егер сөздерің өтірік болып шықса, перғауынның өмірімен ант етемін, онда тыңшы болғандарың”,— деді. 17 Осыны айтқаннан кейін, Жүсіп оларды үш күнге қамап тастады.
18 Үшінші күні Жүсіп оларға: “Мен Құдайдан қорқатын адаммын. Аман қалғыларың келсе, менің айтқанымды істеңдер. 19 Егер шынымен адал болсаңдар, біреуің қамауда қалып, қалғандарың ашығып отырған үй іштеріңе астық апарып беріңдер+. 20 Сосын кенже інілеріңді алып келіңдер, сонда сөздеріңнің рас екеніне көзім жетіп, сендер аман қаласыңдар”,— деді. Бұған олар келісті.
21 Ағайындылар бір-біріне: “Бауырымызға жасаған қиянатымыз үшін осындай жазаға ұшырадық+. Оның бізге жалынып, қатты қиналғанын көрсек те, аяушылық жасамадық. Сол үшін басымыз осындай пәлеге қалды”,— десті. 22 Рубен оларға: “Балаға тиіспеңдер демеп пе едім?! Бірақ сендер мені тыңдамадыңдар+. Енді міне, оның қаны үшін жауапқа тартылатын кез келді+”,— деді. 23 Бірақ олар Жүсіптің бәрін түсініп тұрғанын білген жоқ, себебі олармен тілмаш арқылы сөйлескен болатын. 24 Бауырларының сөзін естіген Жүсіп әрірек барып, жылап жіберді+. Кейін қайтып келді де, олармен тағы сөйлесті. Сосын араларынан Шимонды алып, бауырларының көзінше байлатты+. 25 Бұдан кейін қызметшілеріне олардың қаптарына астық толтырып, әрқайсысының төлеген ақшасын қаптарына салуды, сондай-ақ жол азығын беріп жіберуді бұйырды. Бәрі оның айтқанындай істелінді.
26 Ағалары астықты есектеріне артып, жолға шықты. 27 Олар түнейтін жерге келгенде, біреуі есегіне жем беру үшін қабының аузын ашса, бетінде ақшасы жатыр екен. 28 Сонда ол бауырларына: “Ақшам өзіме қайтарылыпты! Міне, ол қаптың бетінде жатыр!”— деді. Мұны естігенде, жүректері тас төбесіне шыққан олар бір-біріне үрейлене қарап: “Бұл — Құдайдың бізге жіберген жазасы ғой!”— деді.
29 Олар Қанахан жеріндегі әкелеріне келіп, өздерімен болған жайттың бәрін былай деп баяндады: 30 “Сол елдің әміршісі бізді тыңшылар деп ойлап, қатал сөйлесті+. 31 Бірақ оған: —Біз адал адамдармыз, ешқандай да тыңшы емеспіз+. 32 Біз бір әкеден туған он екі ағайындымыз+. Біреуінен айырылып қалдық+, ал кенжеміз Қанаханда әкеміздің қасында қалды+,— дедік. 33 Алайда әмірші бізге мынаны айтты: —Адал адам екендеріңді былай тексеремін: араларыңнан біреуіңді осында қалдырыңдар да+, қалғандарың ашығып отырған үй іштеріңе астық алып барыңдар+. 34 Сосын кенже інілеріңді алып келіңдер, сол кезде сендердің тыңшы емес, адал адам екендеріңе көзім жетеді. Сонда бауырларыңды өздеріңе қайтарамын және осы елде емін-еркін сауда жасай бересіңдер”.
35 Олар қаптарын босатып жатқанда, әрқайсысының ішінен ақша салынған түйіншектері шықты. Мұны көргенде өздерінің де, әкелерінің де зәре-құты қалмады. 36 Жақып: “Мені балаларымнан айырдыңдар+. Жүсіптен айырылдым+, Шимоннан да айырылдым+, ал енді Бенияминді алып кетпексіңдер! Мұның бәрі менің басыма түскен қасірет болды ғой!”— деп налыды. 37 Сонда Рубен: “Егер оны сізге қайтып әкелмесем, менің екі ұлымды өлтірсеңіз болады+. Баланы маған табыстаңыз, оны аман-есен қайтарамын+”,— деп еді, 38 әкесі: “Баламды сендермен бірге жібермеймін. Оның ағасы қайтыс болып, өзі жалғыз қалды+. Егер ол жолда бір пәлеге ұшырайтын болса, шашым ағарған шағымда қайғыға батырып+, көрге*+ тығасыңдар”,— деп көнбеді.