Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры.
2 Күн сайын олар сөз тиегін ағытады,
Түн сайын білімге жол ашады.
3 Бір ауыз сөз айтып, ләм-мим демейді,
Үндері де естілмейді.
Құдай көкте Күнге арнап шатыр тікті,
5 Күн шымылдықты ашып шыққан күйеужігіттей,
Межелі жеріне жүгіріп бара жатқан батырдай қуанады.
Оның аптабынан ештеңе де жасырын қалмайды.
7 Ехобаның заңы кемелді+, қайтадан күш дарытады*+.
Ехобаның ескертулері сенімді+, тәжірибесізді дана қылады+.
9 Ехобаның алдындағы қорқыныш+ таза, мәңгіге ұласады.
Ехобаның үкімдері шынайы, барынша әділ+.
12 Өз қателіктерін кім байқар+?
Білместікпен жасаған күнәларымды кешіре көр.
Сонда мінсіз боламын+,
Сорақы күнәлардан іргемді аулақ саламын.