Қорынттықтарға 2-хат
11 Менің аздаған ақымақтығыма төзсеңдер екен деймін. Негізі, төзіп те келесіңдер. 2 Құдай сендерді қалай қызғыштай қорғаса, мен де солай қорғаймын. Өйткені сендерді бір күйеуге, Мәсіхке, қосуды уәде еткенмін, әрі оған пәк күйлеріңде бергім келеді+. 3 Бірақ жылан Хауа ананы қулықпен азғырғандай+, сендердің де ой-саналарың бұзылып, Мәсіхке деген шынайылықтарың мен пәктіктеріңнен айырылып қалмасаңдар екен деп қорқамын+. 4 Себебі сендерге біреу келіп, біз уағыздағаннан өзге Исаны уағыздаса, не өздерің қабылдағаннан басқа рухты, яки өздерің қабылдағаннан басқа ізгі хабарды+ әкелсе, оған төзесіңдер. 5 Мен өзімді “керемет елшілеріңнен” еш кем емеспін деп есептеймін+. 6 Сөзге шешен болмасам да+, білімім жеткілікті. Мұны сендерге барлық жағынан толықтай көрсеттік.
7 Әлде сендерді жоғарылату үшін өзімді төмендетіп, Құдайдың ізгі хабарын еш ақысыз+ қуана жариялауыммен күнә жасадым ба? 8 Өздеріңе қызмет ету үшін басқа қауымдардан көмек алып, оларды тонағандай болдым+. 9 Ал араларыңда жүріп, мұқтаждық көргенде, ешкімге ауыртпалық салмадым. Себебі Македониядан келген бауырластар қажетімді молынан қамтамасыз етті+. Иә, сендерге ешқандай салмақ түсірмеуге тырыстым, бұдан былай да сөйтемін+. 10 Мәсіхтің ізбасары ретінде шын айтамын, Ахая аймағында мақтануыма ешкім кедергі бола алмайды+. 11 Неге сендерге салмақ түсірмедім? Жақсы көрмегендіктен бе? Өздеріңді жақсы көретінім Құдайға аян.
12 Біз де елшіміз деп мақтанып, бізбен тең болғысы келіп жүргендердің мақтануға себептері болмас үшін, істеп жатқанымды әрі қарай да істей беремін+. 13 Олар өзгелерді алдап, өздерін Мәсіхтің елшілері етіп көрсететін жалған елшілер+. 14 Бұған таңғалудың қажеті жоқ: Шайтан да өзін жарық періштесі етіп көрсетеді+. 15 Сондықтан оның қызметшілерінің де өздерін әділдіктің қызметшілері етіп көрсететіні таңғалдырмайды. Бірақ олардың ақыры істеріне сай болмақ+.
16 Қайталап айтамын, ешкім мені ақымақ деп ойламасын. Ал егер солай ойласаңдар, онда ақымақ адам ретінде қабылдаңдар. Сонда мен де аздап мақтана аламын. 17 Мұны Иеміздің үлгісіне еліктеп емес, сенімділікпен мақтанатын ақымақ кісідей айтып отырмын. 18 Көп адам осы дүниелік нәрселермен мақтанатындықтан, мен де солай мақтанайын. 19 Өйткені “сондай ақылды” сендер ақымақтарға қуана төзесіңдер. 20 Иә, сендер өздеріңді құл еткендерге, мүліктеріңді жалмағандарға, барларыңды тартып алғандарға, өздеріңді басынғандарға, жақтарыңнан ұрғандарға төзесіңдер.
21 Мұны айтудың өзі ұят, өйткені біз әлсіздік жасағандай көрінеміз.
Бірақ өзгелер батыл әрекет етсе, ақымақ кісідей айтып тұрмын, мен де батыл әрекет етейін. 22 Олар еврей ме? Мен де евреймін+. Олар исраилдік пе? Мен де исраилдікпін. Олар Ыбырайымның ұрпағы ма? Мен де соның ұрпағымын+. 23 Олар Мәсіхтің қызметшісі ме? Есінен адасқан кісідей айтып тұрмын, мен олардан әлдеқайда асып түсемін: көбірек еңбек еттім+, көбірек түрмеде болдым+, талай таяқ жедім, көп рет өліммен бетпе-бет келдім+. 24 Яһудилер бес рет отыз тоғыздан дүре соқты+, 25 үш рет шыбықпен сабалдым+, бір рет таспен атқыландым+, үш рет кеме апатына ұшырадым+, бір тәулік бойы ашық теңізде қалып қойдым. 26 Жиі сапарға шықтым, талай рет өзендерде қатерге тап болдым, қарақшылардан, өз ұлттастарымнан+, басқа ұлт адамдарынан+, қалада+, шөл далада, теңізде, жалған бауырластар арасында басыма қауіп төнді. 27 Маңдай терімді төгіп еңбек еттім, талай түндерді ұйқысыз өткіздім+, аштық пен шөлдің не екенін білемін+, көп рет тамақсыз қалдым+, суықта да, киімсіз де жүрдім.
28 Бұлардың бәріне қоса, барлық қауымдарды ойлап, күнде уайымдаймын+. 29 Біреу әлсіз болса, мен де өзімді әлсіз сезінбеймін бе? Біреу жолдан тайса, сол үшін күйіп-піспеймін бе?
30 Егер мақтануға тиіс болсам, әлсіз екенімді көрсететін жайттармен мақтанамын. 31 Иеміз Исаның мәңгілік мадаққа лайық Әкесі әрі Құдайы шындықты айтып тұрғанымды біледі. 32 Дамаскіде Арета патшаның бір әміршісі мені ұстап алмақ болып, қаланы күзетті. 33 Бірақ бауырластар мені себетпен қала қабырғасындағы терезеден төмен түсіріп жіберді+, осылай одан қашып құтылдым.