Қорынттықтарға 2-хат
6 Құдаймен бірге еңбектеніп жүрген+ біз мынаны да өтінеміз: Құдайдың рақымын қабылдаған сендер оның қандай мақсатпен көрсетілгенін елеусіз қалдырмаңдар+. 2 Себебі ол: “Ықыласқа ие болатын кезде мен саған құлақ астым. Құтқарылатын күні көмектестім”+,— дейді. Міне, қазір ерекше ықыласқа ие болатын кез. Міне, қазір құтқарылатын күн.
3 Қызметімізге еш мін тағылмас үшін, өзгелерді сүріндіретіндей еш нәрсе жасамаймыз+. 4 Қайта, барлық жағынан өзімізді Құдайдың қызметшісі ретінде танытамыз+. Мұны көп жағдайларда табанды болу, қасірет шегу, мұқтаждықта болу, қиындық көру+, 5 ұрып-соғылу, түрмеге жабылу+, дүрбелең кездерді бастан кешу, ауыр еңбек ету, түндерді ұйқысыз өткізу, ас-сусыз қалуымызбен+, 6 сондай-ақ тазалығымыз, біліміміз, шыдамдылығымыз+, мейірімділігіміз+, киелі рухтың басшылығымен жүруімізбен, шынайы сүйіспеншілігімізбен+ 7 және шындықты айту, Құдайдың күшіне сүйену+, оң және сол қолымызға әділдік қаруын алу*+, 8 құрметке ие болу және масқаралану, датталу және мақталу, өтірікші деп есептесе де, шыншыл болу, 9 танымал болып есептелмесек те, танымал болу, өлімге лайық саналғанмен, тірі жүру+, жазаланғандай көрінгенмен, өлімге ұстап берілмеу+, 10 қайғылы көрінгенмен, қуанышты болу, кедей есептелгенмен, көп адамды байыту, түгі жоқтай көрінгенмен, бәріне ие болуымызбен көрсетеміз+.
11 Қорынттықтар, біз сендермен ашық сөйлестік, жүрегімізді де айқара аштық. 12 Сендерге деген жылы сезімімізді тежеген жоқпыз+, бірақ сендер бізге деген жылы сезімдеріңді тежейсіңдер. 13 Балаларымдай көріп айтып тұрмын, сендер де бізге жүректеріңді айқара ашыңдар+.
14 Сенбейтіндермен бір мойынтұрықты* кимеңдер+. Әділдік пен заңсыздық арасында қандай байланыс бар+? Жарық пен қараңғылық арасында ортақ не бар+? 15 Мәсіх пен Белияр* арасында бірлік бола ала ма+? Сенуші мен сенбейтін адамның арасында ортақ не бар+? 16 Құдайдың ғибадатханасы мен пұттар арасында қандай келісім болуы мүмкін+? Біз тірі Құдайдың ғибадатханасымыз+. Бұл туралы Құдай былай деген: “Мен орталарында тұрып+, араларында жүремін. Мен олардың Құдайы, ал олар менің халқым болады”+. 17 “Сондықтан олардың арасынан шығып, бөлек тұрыңдар, бұдан былай арам нәрсеге жоламаңдар,— дейді Ехоба”+. “Сонда мен сендерді қабылдаймын”+. 18 “Мен Әкелерің+, ал сендер ұл-қыздарым боласыңдар+,— дейді Құдіреті шексіз Ехоба”.