Ошия
7 “Исраилді айықтырмақ болған сайын,
Ефремнің де қылмысы ашылып+,
Самарияның зұлымдығы+ әшкере болады.
Өйткені олардың істейтіні — қулық-сұмдық+,
Ұрылар үйлерге бұзып кіріп, қарақшылар далада тап беруде+.
2 Бірақ олардың бар зұлымдығын есіме алатыным қаперлеріне кірмейді+.
Өздерінің жаман істеріне әбден шырмалған.
Бұларының бәрі менен жасырын емес.
3 Олар залымдығымен патшаны,
Қулық-сұмдығымен әміршілерді мәз қылады.
4 Бәрі шетінен неке адалдығын бұзушылар,
Олар наубайшының жаққан тандырындай,
Қамыр ашығанша, оты көселмесе де, лаулап жана береді.
Патша мазақтағыштарға қолын берді.
6 Олар жақындағанда, жүректері жанған тандырдай ыстық*.
Наубайшы түні бойы ұйықтайды,
Таңертең тандырда лаулатып от жағады.
7 Олардың барлығы тандырдай ысып,
Өз билеушілерін жалмайды.
8 Ефрем бөтен халықтармен араласып кетті+.
Ол екінші бетіне аударылмаған нан іспетті.
9 Бөтендер күшін жалмаса+ да, ол мұны білмейді.
Басындағы шашы ағарса да, мұны байқамайды.
10 Исраилдің өркөкіректігі өзіне қарсы куә болды+,
Осының бәріне қарамастан, олар Ехоба Құдайларына қайтпады+,
Оның ықыласын іздемеді де.
11 Ефрем аңғал көгершіндей парықсыз+.
12 Қайда барса да, олардың үстіне торымды тастаймын,
Аспанда ұшқан құстар сияқты жерге түсіремін.
Қауымдарына берілген ескертуге сай жазалаймын+.
13 Менен қашқаны үшін олар қасіретке қалады!
Маған қарсы күнә жасағаны үшін ойран болады!
Оларды құн төлеп азат етпекші едім,
Бірақ мен туралы өтірік айтты+.
Астық пен жаңа шарап болсын деп, өздерін тілгілейді,
Олар маған қарсы бас көтерді.
15 Мен оларды тәрбиелеп, қолдарын нығайтсам да,
Жамандық ойластырып, маған қарсы шықты.
16 Олар бет бұрды, бірақ шынайы* ғибадатқа емес.
Жібі босап қалған садақ іспетті сенімсіз+.
Әміршілері ащы тілдерінің кесірінен семсерден өледі.
Сол үшін олар Мысыр елінде күлкі-мазаққа қалады+”.