Жақып
2 Бауырластарым, сендер ұлылыққа бөленген Иеміз Иса Мәсіхке сене тұра, қалайша адамдарды алалайсыңдар+? 2 Өйткені жиындарыңа алтын жүзік тағып, жалтыраған сәнді киім киген кісі, сондай-ақ тозығы жеткен кір киім киген кедей келсе, 3 жалтыраған киім киген кісіні жылы қарсы алып: “Мына жерге, төрге отыр,— деп, ал кедейге: —Сен тұрып тұр,— дейсіңдер, немесе: —Мұнда, аяқ жағыма отыр”,— дейсіңдер+. 4 Осылайша біріңді екіншіңнен жоғары қойып+, зұлым шешім қабылдайтын төрешіге айналасыңдар+, солай емес пе?
5 Сүйікті бауырластарым, мынаған құлақ салыңдар: Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімге бай болсын+ әрі өзін сүйетіндерге уәде еткеніндей, Патшалықтың мұрагерлері болсын деп таңдап алды+ емес пе? 6 Ал сендер кедейді кемсітесіңдер. Сендерге қысым көрсетіп, соттарға сүйреп апаратын сол байлар ғой+. 7 Өздеріңе берілген ардақты есімді қорлап жүрген де солар емес пе? 8 Жазбадағы “өзге адамды өзіңдей сүй”+ деген патша заңын орындап жүрсеңдер, дұрыс істейсіңдер. 9 Бірақ адамдарды алалауды+ қоймасаңдар, күнә жасайсыңдар, әрі заң сендерді заң бұзушы ретінде әшкерелейді+.
10 Кім бүкіл Заңды орындап, бірақ оның бір талабын бұзса, Заңды түгелдей бұзғаны+. 11 Өйткені “Неке адалдығын бұзба!”+ деген Құдай “Кісі өлтірме!”+ деп те айтқан ғой. Неке адалдығын бұзбағаныңмен, кісі өлтірсең, заң бұзушы боласың. 12 Сөздерің мен әрекеттерің әрқашан азат халықтың заңы+ бойынша сотталатын адамдардікіне сай болсын. 13 Өйткені мейірімділік танытпайтын адам мейірімсіз сотталады+. Мейірімділік соттан үстем.
14 Бауырластарым, біреу Құдайға сенемін дей тұра, бұнысын ісімен көрсетпесе, одан не пайда+? Мұндай сенім оны құтқара алушы ма еді+? 15 Егер кез келген бір бауырлас киер киім мен күнделікті асқа зәру болып жүрсе, 16 ал араларыңдағы біреу оған: “Аман-сау бол! Тоңба, қарның да ашпасын”,— деп, бірақ өміріне қажетті нәрселерді бермесе, бұдан не пайда+? 17 Сол сияқты, іс-әрекетсіз болса, сенім де өлі+.
18 Бірақ әлдебіреу: “Сенің сенімің бар болса, менің істерім бар. Іс-әрекетсіз сеніміңді көрсет, ал мен сенімімді іс-әрекетіммен көрсетейін”,— дер. 19 Сен жалғыз Құдай бар екеніне сенесің, солай емес пе? Мұның дұрыс та. Бұған жындар да сенеді, әрі қорыққандарынан қалтырап-дірілдейді+. 20 Ей, түйсіксіз адам, іс-әрекетсіз сенімнің жеміссіз екеніне дәлел керек пе? 21 Әкеміз Ыбырайым өз ұлы Ысқақты құрбандық орнына жатқызғаннан кейін әділ деп жарияланды емес пе+? 22 Көрдің бе, оның істері сенімімен қатар жүрді, әрі істері арқылы сенімі кемеліне жетті+. 23 Осылайша Жазбадағы мына сөздер орындалды: “Ыбырайым Ехобаға сенді, сондықтан әділ деп саналды”+ және ол “Ехобаның досы” деп аталды+.
24 Өздерің көріп отырғандай, адам тек сенімі емес, істері арқылы әділ деп жарияланады. 25 Тап сол сияқты, жезөкше болған Рахаб та істері арқылы, барлаушыларға қонақжайлылық танытып, сосын басқа жолмен қашырып жібергеннен кейін, әділ деп жарияланды емес пе+? 26 Демек, рухсыз тәннің өлі болатынындай+, іс-әрекетсіз сенім де өлі+.