Ишая
Салтанатты киім киіп,
Құдіретпен келе жатқан кім болды екен?
“Бұл — мен. Мен әділдікке сай сөйлеймін,
Әрі құтқаратын зор құдіретім бар”.
2 Киімің неге қызыл?
Неге жүзім таптап жатқан адамның киіміндей қып-қызыл+?
3 “Мен жүзімді жалғыз таптадым,
Қасымда тірі жан болмады.
Қатты ашумен таптадым,
Қаһарыма мініп, жанши бердім+.
Олардың қаны киіміме шашырап,
Киімімнің бәрін былғадым.
5 Қарап едім, маған жәрдем берер ешкім болмады.
Қолдау көрсетер ешкімнің болмағанына мен қайран қалдым.
Сондықтан құдіретті қолыммен жеңіске жеттім+,
Мені өз қаһарым қолдады.
7 Мен Ехобаның айнымас сүйіспеншілікпен жасаған істерін,
Ехобаның мадаққа лайық істерін айтатын боламын.
Мейірімділігі мен зор айнымас сүйіспеншілігіне сай,
Ехобаның біз үшін істеген бар істері үшін+,
Исраил үйіне жасаған көптеген игілігі үшін солай етемін.
8 Ол: “Иә, олар менің халқым, опасыздық жасамайтын ұлдарым”,— деген еді+.
Сондықтан ол халқының Құтқарушысы болды+.
9 Олар азап шеккенде, бұл оның жанына батты+.
Өз хабаршысын жіберіп, оларды құтқарды+.
Ол сүйіспеншілік танытты, жаны ашып құндарын өтеп алды+,
Ежелгі күндердің бәрінде оларды көтеріп, қолына алып жүрді+.
10 Бірақ олар бүлік шығарып+, оның киелі рухын ренжітті+.
Сонда Құдай олардың жауына айналып+, оларға қарсы шайқасты+.
11 Сол кезде олар ежелгі күндерді,
Құдайдың қызметшісі Мұсаның заманын естеріне алып былай деді:
“Отарын бағушыларымен қоса+, теңізден өткізген Құдай+ қайда?
Оған киелі рухын қондырған Құдай+ қайда?
Халқының алдынан теңізді қақ айырған Құдай+ қайда?
13 Олар кең далада шапқан тұлпардай сүрінбей өту үшін,
Буырқанған су арасынан жол ашқан Құдай қайда?
Есіміңнің ұлылығын арттыру үшін,
Сен халқыңды осылай бастап жүрдің+.
15 Көктен назарыңды салшы,
Биіктегі киелі де салтанатты тұрағыңнан қарашы.
Неге бұларды менен аяйсың?
Ыбырайым бізді танымай, Исраил мойындамай қойса да,
Уа, Ехоба, сен біздің Әкемізсің.
Сенің есімің — ежелден бері Құнымызды өтеуші+.
17 Уа, Ехоба, неге өз жолыңнан тайып кетуімізге жол бердің?*
Жүрегіміз қатуланып, сенен қорқудан қалуымызға неге жол бердің+?
Қызметшілеріңнің игілігі үшін,
Меншігіңе алған рулардың игілігі үшін қайта орала көр+.
18 Қасиетті халқың бұл елді аз уақыт қана иеленді.
Жауларымыз ғибадатханаңды таптап, аяқасты етті+.
19 Біз көп уақыттан бері өзің билік құрмаған,
Өзіңнің есіміңмен аталмаған халыққа ұқсаймыз.