Уағыздаушы
5 Құдайдың үйіне барғанда, аяғыңды аңдап бас+. Құрбандықты ақымақ адамдардай әкелгеннен гөрі+, тыңдауға асық бол+. Өйткені олар жамандық істеп жүргендерін ұқпайды.
2 Тілің сөйлеуге асықпасын, жүрегің де Құдай алдында сөйлеуге асығыстық жасамасын+. Себебі Құдай көкте, ал сен жердесің ғой. Сондықтан да көп сөйлеме+. 3 Адам шаруасын көп уайымдап, түс көреді+; ақымақ көп сөйлеп, бос сөз айтады+. 4 Құдайға серт берсең, оны орындауды кешіктірме+, өйткені мұндай ақылсыздарды ол ұнатпайды+. Нені серт етсең, соны орында+. 5 Серт беріп алып, оны орындамағаныңнан гөрі, серт бермегенің жақсы+. 6 Аузыңнан шыққан сөзің сені күнәға батырмасын+. Періштенің* алдында да “бұл қателік болды” дегенді айтпа+. Құдайды сөзіңмен ашуландырып, істеген ісіңді құртқызып қайтесің+? 7 Адам шаруасын көп уайымдағаннан түс көретіні сияқты+, көп сөз де бос әурешілікке әкеледі. Ал сен Құдайдан қорық+.
8 Егер өз аймағыңда кедейлердің қаналып жатқанын, әділет пен әділдіктің тапталып жатқанын көрсең, бұған таңғалма+. Қолында билігі бардың үстінен қарайтын басқа біреу бар. Әркімнен жоғары тұрған біреулер бар.
9 Олардың бәрі жердің өнімімен күн көреді. Тіпті патша да танаптың өнімін жейді+.
10 Күмісті жақсы көретін күміске тоймас, байлықты жақсы көретін кіріске тоймас+. Бұл да бос әурешілік+.
11 Дүние-мүлік көбейсе, оны тұтынушылар да көбейеді+. Дүние-мүліктен иесіне не пайда, тек соған қарап отырғаны болмаса+?!
12 Аз жесе де, көп жесе де, еңбектенушінің ұйқысы тәтті. Ал байдың мол дәулеті оған ұйқы бермейді.
13 Жарық күн астында жанға бататын тағы бір жайтты көрдім: жинаған байлығы иесін пәлеге қалдырып жатады. 14 Ол бір сәтсіз істен байлығынан айырылып, кейін ұлды болғанда, оған қалдыратын түгі болмайды+.
15 Адам ана құрсағынан жалаңаш шығады, дүниеден өткенде де жалаңаш кетеді+. Еңбектеніп тапқанынан өзімен бірге ештеңе әкете алмайды+.
16 Мына жайт та жанға қатты батады: адам дүниеге қалай келсе, солай кетеді. Бар еңбегі желге ұшса, бұдан оған не пайда+? 17 Ол өмір бойы тамағын рақаттанып емес, қатты түңіліп, ауырып, ашуланып отырып жейді+.
18 Адам үшін мынаның жақсы әрі дұрыс екенін көрдім: ол ішіп-жеп, Құдай берген қысқа ғұмырында жарық күн астында атқарған еңбегінің жемісіне қуансын+. Өйткені бұл — оның алатын сыйы*+. 19 Сондай-ақ Құдай адамға байлық пен дүние-мүлік беріп+, бұнымен қоса олардың рақатын көре алатындай етсе, ол өз үлесін қабыл алуы қажет және еңбегінен қуаныш табуы керек. Бұл — Құдайдың сыйы+. 20 Мұндай адам қысқа ғұмырының қиыншылықтарын есіне ала бермейді, өйткені Құдай оның жүрегін қуанышқа бөлеп отырады+.