Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Асаптың+ жыры. Ән.
3 Сол жерде ол садақтың отты жебелерін сындырды,
Қалқан мен семсерді, соғыс қаруларын түгел талқандады+. (Села)
4 Уа, Құдай, сен нұрыңды шашасың*.
Сен жемтікке толы таулардан да айбындысың.
5 Жүрегінің түгі барлар тоналды+.
Олар ұйқыға кетті,
Ешбірінде қарсы шығар дәрмен қалмады+.
9 Құдай үкімін жүзеге асыру үшін,
Жердегі момындарды құтқару үшін түрегелгенде, осылай болды+. (Села)
11 Ей, Ехобаның маңындағылар,
Құдайларыңа анттарыңды беріп, оларды орындаңдар+.
Одан қорқып, тарту ұсыныңдар+.
12 Ол басшылардың көкірегін басады,
Жердегі патшалардың зәресін ұшырады.