Патшалар 1-жазба
8 Сүлеймен патша Дәуіттің қаласынан, яғни Сионнан+, Ехобаның келісім сандығын+ әкелу үшін, Исраилдің барлық ақсақалдары мен рубасыларын және әулетбасыларын Иерусалимге шақырды+. 2 Содан етаним* айында, яғни жетінші айда, күллі исраилдіктер Сүлеймен патшаның қасына мейрамға* жиналды+. 3 Исраилдің барлық ақсақалдары келген соң, діни қызметкерлер келісім сандығын көтеріп әкетті+. 4 Ехобаның келісім сандығымен қоса, кездесу шатыры+ мен ондағы барлық киелі бұйымдар да әкетілді. Бұларды діни қызметкерлер мен леуіліктер көтеріп алып жүрді. 5 Сүлеймен патша мен қасына жиналған күллі жамағат келісім сандығының алдында жүрді. Құрбандыққа шалынған+ қой мен ірі қара малдың көп болғаны сонша — санына ешкім жете алмады.
6 Бұдан кейін діни қызметкерлер Ехобаның келісім сандығын өз орнына+ — киелі үйдің түпкі бөлмесіне, яғни Ең қасиетті бөлмеге — керубтердің қанаттарының астына әкеліп қойды+.
7 Керубтер келісім сандығы тұратын орынның үстінен қанаттарын жайып, келісім сандығы мен оның сырықтарын көлегейлеп тұрды+. 8 Сырықтардың+ ұзын болғаны сонша — ұштары түпкі бөлменің алдындағы Қасиетті бөлмеден көрініп тұрды, бірақ сырттан көрінбеді. Олар әлі күнге дейін сол жерде. 9 Келісім сандығында Мұсаның Хорибте салған+ екі тас тақташасынан+ басқа ештеңе болмады. Мұса бұл тақташаларды Ехоба исраилдіктерді Мысырдан алып шығып+, олармен келісім жасасқанда+ салған еді.
10 Діни қызметкерлер Қасиетті бөлмеден шыққанда, Ехобаның үйі бұлтқа+ толып кетті+. 11 Осылайша Ехобаның үйі бұлтқа толып, Ехобаның салтанатына бөленгендіктен, діни қызметкерлер онда қызметтерін жалғастыра алмады+. 12 Сонда Сүлеймен: “Ехоба, қара бұлт ішінде мекендейтініңді өзің айтқан едің+. 13 Мен саған арнап салтанатты үй, өзің мәңгі тұратын мызғымайтын тұрақ+ салдым”,— деді.
14 Сосын патша халыққа бұрылып, алдында тұрған күллі Исраил қауымына батасын берді+. 15 Ол былай деді: “Әкем Дәуітке өз аузымен уәде беріп, оны өз қолымен орындаған Исраилдің Құдайы Ехоба мадақталсын! 16 Ол: —Халқым Исраилді Мысырдан алып шыққан күннен бастап өз есімім орнығу үшін киелі үй салынсын деп, Исраил руларының ешбір қаласын таңдаған жоқпын+. Бірақ халқымды басқаруға Дәуітті таңдадым,— деген еді. 17 Әкем Дәуіт Исраилдің Құдайы Ехобаның есіміне арнап киелі үй салуды бар жүрегімен қалады+. 18 Ал Ехоба оған: —Менің есіміме арнап үй салуды бар жүрегіңмен қалайды екенсің. Мұның өте жақсы. 19 Бірақ оны салатын адам — сен емессің. Менің есіміме арналған үйді сенің бел балаң салады+,— деді. 20 Ехоба осы сөздерін жүзеге асырды: мен әкем Дәуіттің орнын басып, Ехобаның уәдесіне сай, Исраилдің тағына отырдым; Исраилдің Құдайы Ехобаның есіміне арнап үй салдым+; 21 оның ішінде келісім сандығына арналған орын дайындадым. Ал сандықта Ехобаның ата-бабаларымызды Мысыр елінен алып шыққандағы олармен жасасқан келісімі жазылған екі тақташа+ сақтаулы тұр”.
22 Бұдан кейін Сүлеймен Ехобаның құрбандық ошағының алдына келіп тұрды да, күллі Исраил қауымының көз алдында қолын көкке қарай жайып+, 23 былай деді: “Уа, Исраилдің Құдайы Ехоба, жер мен көкте саған тең келер құдай жоқ+! Сен келісіміңе адалсың, әрі өзіңе бар жүрегімен қызмет етіп жүргендерге айнымас сүйіспеншілік танытасың+. 24 Сен өз қызметшің — менің әкем Дәуітке берген уәдеңнен таймадың. Өз аузыңмен уәде еткен едің, бүгін соны өз қолыңмен жүзеге асырдың+. 25 Ал енді, Исраилдің Құдайы Ехоба, қызметшің Дәуітке “Егер ұлдарың алдымда сен сияқты, басқан қадамдарына мұқият болып жүрсе, онда Исраил тағында әрдайым сенің ұрпағың отыратын болады” деп берген уәдеңді орындай көр+. 26 Уа, Исраилдің Құдайы, енді өз қызметшің — менің әкем Дәуітке берген уәдеңді жүзеге асыра көрші.
27 Бірақ Құдай шынымен-ақ жер бетінде тұратын ба еді+? Сені көктің өзі, тіпті көктердің көгі сыйғыза алмағанда+, мен салған мына үй қалай сыйғызсын+?! 28 Уа, Құдайым Ехоба, қызметшіңнің дұғасы мен ықыласыңды түсіруді сұраған өтінішіне құлақ асып, алдыңда тұрып жалбарынған үні мен мінажатын ести көр. 29 “Менің есімім сол жерде болады”+ деген сөзіңе сай, күндіз-түні осы үйге көз қырыңды салып, қызметшіңнің осы жерге қарап айтқан дұғасына құлақ ассаң екен+. 30 Қызметшің мен халқың Исраил жүздерін осы жерге бұрып, ықыласыңды түсіруді өтінгенде, назар салғайсың. Көктегі тұрағыңнан естігейсің+. Иә, бізге құлақ салып, кешіре көр+.
31 Егер біреу өзгеге қарсы күнә жасап қойғандықтан ант берсе*, әрі берген антын орындауға тура келсе, содан антпен байланған ол осы үйдегі құрбандық ошағыңның алдына келсе+, 32 көктен құлақ асып, қызметшілеріңе төрелік етші: зұлымды кінәлі деп тауып, істегенін өз басына келтірші; ал әділді кінәсіз деп тауып, әділдігіне сай қарымтасын берші+.
33 Халқың Исраил саған қарсы күнә жасай бергендіктен жауларынан жеңіліп қалғанда+, өзіңе қайта оралып, есіміңді мадақтаса+, әрі осы үйде өзіңе дұға етіп, ықыласыңды түсіруді жалбарына сұраса+, 34 оларды көктен естігейсің. Халқың Исраилдің күнәсін кешіріп, өзің ата-бабаларына сыйлаған жерге қайтарғайсың+.
35 Халқың саған қарсы күнә жасай бергендіктен+, жаңбыр жауғызбай аспанды жауып қойғаныңда+, олар осы жерге қарап дұға етіп, есіміңді мадақтаса, әрі өзің жуасытқандықтан, күнә жасауды доғарса+, 36 көктен оларға құлақ аса көр. Қызметшілеріңнің, халқың Исраилдің, күнәларын кешіріп, жүрулері тиіс ақ жолмен қалай жүруді өзің үйрете көр+; мұралы иелік ретінде өз халқыңа берген жеріңе жаңбыр жауғыза көр+.
37 Осы жер қандай пәлеге ұшырап, қандай ауруға шалдықпасын — мейлі, аштық+ не індет жайласын, аптап жел тұрсын, егін көгеріп шірісін+, көшпелі шегіртке не обыр шегіртке басып кетсін, қалалары жау қоршауында қалсын+ — 38 әлдекім не күллі Исраил халқы қандай да бір мәселемен саған дұға етсе яки ықыласыңды түсіруді өтініп+ (себебі әркімнің жан азабы өзіне аян+), осы үйге қарай қолын жайса, 39 оларды көктен, өз тұрағыңнан, ести көр+. Оларды кешіре көр+, шара қолданып, әрқайсысына ісіне сай қарымтасын қайтара көр+, өйткені сен олардың жүректерінде не барын білесің (әр адамның жүрегінде не бары өзіңе ғана аян ғой+). 40 Сонда олар өзің ата-бабамызға берген осы жерде тұрып жатқан кездерінің бәрінде сенен қорқатын болады.
41 Сондай-ақ халқың Исраилге жатпайтын жатжерлік біреу шалғай жерден сенің есімің үшін келіп+, 42 осы үйге қарап дұға етсе (себебі олар ұлы есімің туралы+ және көмектесу үшін созып тұрған құдіретті қолың туралы естиді), 43 көктен, өз тұрағыңнан+, жатжерлік кісіні естіп, тілектерінің бәрін орындай көр. Сонда жержүзіндегі күллі халықтар сенің есіміңді біліп, өз халқың Исраил сияқты сенен қорқатын болады+ және мен соққан мына үйдің сенің есіміңмен аталатынын білетін болады.
44 Халқың өзің жіберген жолмен дұшпандарымен соғысуға аттанғанда+, өзің таңдап алған қалаға+ және мен сенің есіміңе арнап соққан осы үйге қарап, уа, Ехоба, өзіңе сиынса+, 45 көктен олардың дұғалары мен ықыласыңды түсіруді сұраған өтініштерін естіп, әділдік орната көр.
46 Олар саған қарсы күнә жасағандықтан (өйткені күнә жасамайтын адам жоқ+), сен қаһарланып, оларды жау қолына бергеніңде, жау оларды алыс не жақын бір елге тұтқынға әкетсе+, 47 олар сол елде жүріп естерін жиып+, өзіңе бет бұрып+: —Біз күнәға баттық, қателесіп, зұлым істер жасадық+,— деп, ықыласыңды түсіруді сұрап жалбарынса+ 48 және тұтқында жүрген жау елінде саған бар жүректерімен+, бар жан-тәндерімен бет бұрып, өзің ата-бабаларына берген жерге және өзің таңдап алған қалаға, сондай-ақ мен сенің есіміңе арнап соққан осы үйге қарап дұға етсе+, 49 көктен, өз тұрағыңнан+, олардың дұғалары мен ықыласыңды түсіруді сұраған өтініштерін естіп, әділдік орната көр. 50 Саған қарсы жасаған күнәлары мен барлық қылмыстарын кешіре көр. Тұтқынға әкеткендердің жүрегін жібітіп, халқыңа жанашырлықпен қаратқайсың+ 51 (Себебі олар өзіңнің халқың әрі меншікті иелігің+. Кезінде сен оларды темір балқытатын пеш іспетті Мысырдан алып шықтың+). 52 Қызметшің және халқың Исраил ықыласыңды түсіруді өтінгенде, көз қырыңды салып+, сиынған кездерінің бәрінде* құлақ түре көр+. 53 Өйткені сен оларды меншікті иелігің ретінде күллі халықтардың арасынан бөліп алдың+. Әлемнің Әміршісі Ехоба, сен мұны ата-бабамызды Мысыр жерінен алып шыққанда, қызметшің Мұса арқылы айтқан сөзіңе сай істедің”.
54 Сүлеймен Ехобаның құрбандық ошағының алдында тізерлеп, қолдарын көкке жайып+ Ехобаға айтқан дұғасы мен ықыласын түсіруді сұраған өтінішін бітірген соң, орнынан тұрды. 55 Сосын күллі Исраил қауымына дауыстап батасын беріп, былай деді: 56 “Берген уәдесіне сай, халқы Исраилге тыныштық сыйлаған Ехоба+ мадақталсын! Оның өз қызметшісі Мұса арқылы берген ізгі уәделерінің бірде-бірі орындаусыз қалмады+. 57 Құдайымыз Ехоба ата-бабамызға жар болғандай, бізге де жар болып+, еш тастамасын, ешқашан жалғыз қалдырмасын+. 58 Жүрегімізге әсер етіп+, өзінің жолдарымен жүріп, ата-бабамызға берген өсиеттерін, жарлықтары мен шешімдерін ұстануға талпындырсын. 59 Ехобадан ықыласын түсіруді өтінген осы сөздерімді Құдайымыз Ехоба күндіз-түні жадында сақтап, мендей қызметшісі мен халқы Исраил үшін күніне қанша қажет болса, сонша рет әділдік орната көрсін. 60 Осылайша жер бетіндегі халықтардың бәрі Ехобаның шынайы Құдай екенін+, әрі одан басқа Құдай жоқ екенін білетін болсын+! 61 Ал сендер қазір орындап жүргендеріңдей, әрі қарай да Құдайымыз Ехобаның жарлықтары мен өсиеттерін орындап, оған бар жүректеріңмен қызмет етіңдер+”.
62 Бұдан кейін патша мен күллі Исраил халқы Ехобаның алдында көптеп құрбандық шалды+. 63 Сүлеймен Ехобаға арналған татулық құрбандығы+ ретінде 22 000 ірі қара мен 120 000 қой ұсынды. Осылай патша мен күллі исраилдіктер Ехобаның үйін салтанатты түрде ашты+. 64 Сол күні патшаға Ехобаның үйінің алдындағы ішкі ауланың ортаңғы бөлігін киелі етуге тура келді. Өйткені оған сол жерде де түгел өртелетін құрбандықтар, астық тартуларын және татулық құрбандықтарының майын өртеуге тура келді. Себебі Ехобаның алдындағы мыс ошақ+ түгел өртелетін құрбандықтарды, астық тартуларын және татулық құрбандықтарының майын+ сыйдыра алмады. 65 Сүлеймен үлкен мереке жасап+, күллі исраилдіктер — Лебо-Хаматтан Мысыр өзен аңғарына*+ дейінгі жерлерден келген қалың қауым — патшамен бірге Құдайымыз Ехобаның алдында 7 күн, сосын тағы 7 күн — бас-аяғы 14 күн бойы той тойлады. 66 Келесі* күні патша халықты таратты. Халық оған батасын беріп, Ехобаның өз қызметшісі Дәуіт пен халқы Исраилге жасаған жақсылықтарына+ шын жүректен қуанып, шаттана үйлеріне қайтты.