Езра
10 Құдай үйінің алдында етпетінен жатқан Езра дұға етіп+, жасалған күнәларды мойындап жылап жатқанда, айналасына исраилдіктерден — еркегі, әйелі мен бала-шағасы бар — қалың жұрт жиналып қалды. Олар да зар еңіреп жылап тұрды. 2 Сонда Еламның ұрпағынан+ шыққан Ехиел+ ұлы Шехания Езраға: “Біз төңіректегі бөтен халықтардан әйел алып, Құдайымызға опасыздық жасадық+. Бірақ Исраил үшін әлі де үміт бар. 3 Құдайымызбен келісім жасасайық+. Сөйтіп, Ехобаның нұсқауы бойынша және Құдайдың бұйрықтарын қастерлейтіндердің+ кеңесі бойынша, сол әйелдердің бәрін балаларымен қоса қоя берейік. Мұса Заңына сай әрекет етейік. 4 Тұр да, осы мәселені қолға ал. Біз сені қолдаймыз. Бекем болып, іске кіріс”,— деді.
5 Сонда Езра орнынан тұрып, діни қызметкерлердің, леуіліктер мен бүкіл Исраилдің басшыларынан осы айтылғандарды орындаймыз деп ант беруін сұрады+. Олар ант берді. 6 Кейін Езра Құдай үйінің алдынан кетіп, Елиасып ұлы Жохананның бөлмесіне барды. Бірақ Езра нан да жемеді, су да ішпеді, өйткені жер аударылудан оралғандардың опасыздығына қатты қайғырып тұрған еді+.
7 Сосын бүкіл Яһуда мен Иерусалимге жар салынып, жер аударылудан келгендер Иерусалимге жиналсын деп хабарланды. 8 Кімде-кім үш күннің ішінде келмейтін болса, басшылар мен ақсақалдардың шешімі бойынша, сол адамның дүние-мүлкі тәркіленіп, ал өзі жер аударылудан оралғандардың қауымынан аластатылу керек еді+. 9 Яһуда руы мен бениямин руының күллі ер адамы үш күннің ішінде Иерусалимге жиналды. Бұл тоғызыншы айдың жиырмасыншы күні еді. Мәселе күрделі болғандықтан әрі жаңбыр құйып тұрғандықтан, Құдай үйінің ауласындағы жұрт дірілдеп отырды.
10 Діни қызметкер Езра орнынан тұрып, оларға: “Сендер бөтен халықтардан әйел алып, опасыздық жасадыңдар+, осылай Исраилдің күнәсіна күнә қостыңдар. 11 Ал енді ата-бабаларыңның Құдайы Ехобаның алдында күнәларыңды мойындаңдар. Оның еркін орындап, айналадағы халықтардан бөлініңдер және олардан алған әйелдеріңнен ажыраңдар+”,— деді. 12 Бұған бүкіл қауым қатты дауыстап былай деді: “Осы айтқандарыңды бұлжытпай орындауға міндеттіміз. 13 Алайда мұнда халық көп, оның үстіне жауын-шашынды маусым, сыртта ұзақ тұра алмаймыз. Ал бұл — бір-екі күнде шешіле салатын мәселе емес, өйткені Құдайға мойынсұнбай, ауыр күнә жасадық. 14 Сондықтан өтінеміз, бүкіл қауымның өкілі болып басшыларымыз қалсын+. Ал бөтен халықтан әйел алған әркім өз қаласының ақсақалдарымен және билерімен бірге белгіленген уақытта қайтып келсін. Құдайымыздың осы себептен лаулаған қаһарын қайтарғанға дейін мәселені шешейік”.
15 Алайда Асахел ұлы Жонатан мен Тиқуа ұлы Яхзеях бұған қарсы болды. Оларды Мешулам мен Шабетай+ атты леуіліктер жақтады. 16 Жер аударылудан оралғандар келісілген нәрсені орындады. Оныншы айдың бірінші күні діни қызметкер Езра мен аттары аталған әулетбасылары осы мәселені қарастыру үшін бөлек жиналды. 17 Олар бірінші айдың бірінші күні бөтен халықтардан әйел алғандардың мәселесін қарастырып бітті. 18 Сонда кейбір діни қызметкерлердің ұлдары да бөтен халықтардан әйел алғаны анықталды+. Олар мыналар: Ехосадық ұлы Ешуаның+ ұлдары мен бауырларынан — Мағасеях, Елиезер, Яриб, Ғодалиях. 19 Олар әйелдерін қоя береміз деп қол алысып, уәде берді. Сондай-ақ айыпты болғандықтан, мұнысын өтеу үшін отарынан бір-бір қошқардан ұсынатын болды+.
20 Имердің ұрпағынан+ — Ханани мен Забадия. 21 Харимнің ұрпағынан+ — Мағасеях, Ілияс, Шемаях, Ехиел және Ұзиях. 22 Пашхурдың ұрпағынан+ — Елионай, Мағасеях, Ысмағұл, Нетәнел, Жозабад және Елисах. 23 Леуіліктерден — Жозабад, Шимей, Келаях (яғни Келита), Петақия, Яһуда және Елиезер. 24 Әншілерден — Елиасып, қақпа күзетшілерінен — Шалум, Телем және Ұри.
25 Басқа исраилдіктерден: Пароштың ұрпағынан+ — Рамиях, Ізиях, Малхиях, Миямин, Елазар, Малхиях және Бенаях. 26 Еламның ұрпағынан+ — Матаниях, Зәкәрия, Ехиел+, Әбди, Еремот және Ілияс. 27 Затудың ұрпағынан+ — Елионай, Елиасып, Матаниях, Еремот, Забад және Азиз. 28 Бебайдың ұрпағынан+ — Жоханан, Хананиях, Забай, Атлай. 29 Банидің ұрпағынан — Мешулам, Малух, Адаях, Яшуп, Шеғал және Еремот. 30 Пахат-Моабтың ұрпағынан+ — Адына, Келал, Бенаях, Мағасеях, Матаниях, Беселиел, Бинуй және Манаса. 31 Харимнің ұрпағынан+ — Елиезер, Ишиях, Малхиях+, Шемаях, Шимеон, 32 Бениямин, Малух және Шемариях. 33 Хашумның ұрпағынан+ — Матенай, Матата, Забад, Елипелет, Еремай, Манаса және Шимей. 34 Банидің ұрпағынан — Мағадай, Ымрам, Уел, 35 Бенаях, Бедеях, Келухи, 36 Баниях, Меремот, Елиасып, 37 Матаниях, Матенай және Ясай. 38 Бинуйдің ұрпағынан — Шимей, 39 Шелемиях, Натан, Адаях, 40 Махнатбай, Шашай, Шарай, 41 Азарел, Шелемиях, Шемариях, 42 Шалум, Амариях және Жүсіп. 43 Небоның ұрпағынан — Жейел, Матетиях, Забад, Зибна, Жадай, Жоел және Бенаях. 44 Осылардың бәрі бөтен халықтардан әйел алып+, кейін оларды балаларымен бірге қайтарып жіберді+.