Ишая
29 “Ариел* қасіретке қалады, Дәуіт қос тіккен Ариел қаласы+ қасіретке қалады!
Мейлі, мейрамдарың+ мейрамға ұласып,
Жылдан-жылға жалғаса берсін.
2 Бірақ мен Ариелдің басына күн тудырамын+,
Сонда одан аза тұтып жоқтағандардың даусы естілетін болады+.
Бұл қала мен үшін құрбандық ошағы іспетті болады+.
3 Мен сенің жан-жағыңнан қос тігемін,
Айналдыра бөрене қадап, қоршауға аламын,
Саған қарсы үйінді жасаймын+.
4 Сен құлайсың да, көкірегің басылады.
Жерде жатып сөйлегендіктен,
Сөздерің топырақ астынан ақырын естіледі.
Тозаң арасынан шыққан даусың+
Аруақ шақырушының даусындай болады,
Сөздерің шиқылдаған дыбыстай естіледі.
Бұл аяқастынан, қас қағым сәтте жүзеге асады+.
6 Мен, Әскербасы Ехоба, саған назар аударамын.
Мен сені күн күркірімен, жер сілкінісімен, ғаламат шумен,
Құйынмен, дауылмен және жалмайтын отпен құтқарамын+”.
7 Сонда Ариелмен соғысып жатқан күллі ұлттардың+ іс-әрекеттері
— Онымен соғысып жатқандардың,
Шабуылдайтын құрылғылар орнататындардың,
Оған зәбір көрсетіп жатқандардың іс-әрекеттері —
Түс іспетті, түнгі аян іспетті болады.
8 Аш адам түсінде тамақтанып жатқанын көрсе де,
Оянғанда аш болып тұрады;
Шөлдеген адам түсінде су ішіп жатқанын көрсе де,
Оянғанда қалжырап, шөлдеп тұрады.
Сион тауына қарсы соғысқан күллі ұлттар да осындай күйде болады+.
Көздеріңді көрмейтін қылыңдар, соқыр болыңдар+!
Олар мас, бірақ шарап ішкеннен емес;
Теңселіп жүр, бірақ ішімдік ішкеннен емес.
10 Өйткені Ехоба сендерді терең ұйқыға батырды+;
Ей, пайғамбарлар, ол сендердің көздеріңді жауып тастады+,
Аян алушылар, ол сендердің бастарыңды бүркеп қойды+.
11 Сендер үшін аян атаулы мөрлеп тастаған кітаптың+ сөздері іспетті болады. Кітапты әріп танитын біреуге беріп: “Дауыстап оқып берші,— деп өтінгенде, ол: —Оқи алмаймын, мөрленіп тасталған ғой”,— деп жауап береді. 12 Ал сауаты жоқ біреуге беріп: “Мынаны оқып берші,— десе, ол: —Мен әріп танымаймын”,— деп жауап береді.
13 Ехоба мынаны айтады: “Мына халық маған тек аузымен жақындайды,
Мені тілдерімен ғана дәріптейді+,
Ал жүректері менен алшақ,
Олар адамдар шығарған қағидаларды үйреніп, бұнысын мені қастерлеу деп есептейді+.
14 Сондықтан мен бұл халыққа тағы да таңғажайып істер жасаймын+,
Таңғаларлық әрі керемет істер жасаймын.
Данышпандарының даналығы құрып кетеді,
Ақылдыларының ұғымталдығы жоқ болады+”.
15 Жоспарларын Ехобадан жасыру үшін қолдан келгеннің бәрін істейтіндер қасіретке қалады+.
Олар істерін қараңғыда жасайды да:
“Бізді кім көреді? Не істеп жатқанымызды кім біледі?”— дейді+.
16 Ойларың неткен бұзық еді!
Балшық құмырашымен теңесе ала ма+?
Бұйым өзін жасаған шебер туралы
“Ол мені жасаған жоқ!” дей ме+?
Не өзіне нобай берген ісмер туралы
“Ол еш нәрсе түсінбейді!” дей ме+?
18 Сол күні саңыраулар кітаптың сөздерін естиді,
Соқырлар қараңғылық пен түнектен құтылып, көздері көретін болады+.
19 Момындар Ехобаны ойлап шат-шадыман болады,
Жарлылар Исраилдің Киелі Құдайын ойлап қуанады+.
20 Өйткені озбырлар құрып жоғалады,
Мақтаншақтар ғайып болады.
Жамандық жасауды ойлайтындардың бәрі жойылады+.
21 Өтірік айтып, өзгені айыпты ететіндер,
Қала қақпасының алдындағы қорғаушыға тұзақ құратындар+,
Негізсіз айып тағып, әділ жанды әділдіктен айыратындар да жоқ болады+.
22 Сондықтан Ыбырайымның құнын өтеп алған Ехоба Құдай+ Жақыптың үйіне былай дейді:
“Жақып енді қайтып масқара болмайды,
Бет-жүзі бұдан былай бозармайды+.
23 Өйткені ол айналасына жиналған балаларына,
Менің қолымның ісіне қарайды+,
Олар менің есімімді мадақтайды*.
24 Миы айналып сенделіп жүргендер түсінікке ие болады,
Шағымданып жүргендер нұсқау алады”.