Мұсаның 1-жазбасы
25 Кейін Ыбырайым тағы да үйленіп, Кетура есімді әйел алды. 2 Одан Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян+, Ишбақ және Шуах+ туылды.
3 Жоқшаннан Шеба мен Дедан туылды.
Деданнан ашурлар, летуштер мен леумдер тарады.
4 Мадиянның ұлдары: Ефа, Ефер, Ханох, Әбида және Елдаға.
Бұлардың бәрі Кетурадан тараған ұрпақ болатын.
5 Ыбырайым өзінде бардың бәрін Ысқаққа қалдырды+. 6 Ал кәнизактарынан туылған ұлдарына еншілерін беріп, көзі тірісінде оларды ұлы Ысқақтан алысыраққа+, Шығыс өлкесіне көшірді. 7 Ыбырайым барлығы 175 жыл жасады. 8 Сөйтіп, Ыбырайым соңғы демін шығарып, қайтыс болды. Мағыналы да ұзақ ғұмыр кешкен ол ата-бабаларына қосылды. 9 Оның сүйегін ұлдары Ысқақ пен Ысмағұл Мамренің тұсында, хеттік Сохардың ұлы Ефронның танабында орналасқан Махпела үңгіріне қойды+. 10 Кезінде Ыбырайым оны Хет ұлдарынан сатып алған еді. Осылай Ыбырайым марқұм әйелі Сараның қасына қойылды+. 11 Ыбырайым өлгеннен кейін, Құдай Ысқақты да жарылқап жүрді+. Ысқақ Бегер-Лахай-Ройдың+ маңында тұрып жатты.
12 Сараның мысырлық күңі Ажардың+ Ыбырайымға туып берген ұлы Ысмағұл жөнінде+:
13 Ысмағұлдың ұлдарынан әулеттер тарады. Оның ұлдарының есімі: тұңғышы Набайот+, одан кейін Кедар+, Әдбел, Мипсам+, 14 Мишма, Дума, Масса, 15 Хадад, Тема, Етур, Нафиш және Кедма. 16 Бұлар 12 рудың басшысы болған Ысмағұлдың ұлдары+. Олардың тұратын мекені де, қостары* да осы есімдермен аталды. 17 Ысмағұл барлығы 137 жыл өмір сүрді. Ол соңғы демін шығарып, қайтыс болды да, ата-бабаларына қосылды. 18 Оның ұрпақтары Шурдың+ қасындағы Хабиладан+ Ассирияға дейінгі аралықты мекендеді. Олар бауырларының маңында* тұрды+.
19 Ыбырайымның ұлы Ысқақ жөнінде+:
Ыбырайымнан Ысқақ туылды. 20 Ысқақ 40 жасында Рабиғаға үйленді. Ол Падан-Арамдағы арамейлік Бетуелдің қызы+, арамейлік Лабанның қарындасы болатын. 21 Әйелі бала көтермегендіктен, Ысқақ Ехобаға жалынып дұға етіп жүрді. Ехоба оның тілегін қабыл алып, Рабиға жүкті болды. 22 Құрсағындағы ұлдары бір-бірімен+ тебісе бастады. Сонда Рабиға: “Бұлай қиналғанша, өлгенім жақсы емес пе?!”— деді. Сөйтіп, ол Ехобаға жүгінді. 23 Ехоба оған: “Сенің ішіңде+ екі ұлт жатыр. Құрсағыңнан екі халық шығады+. Бірі екіншісінен күштірек болып+, үлкені кішісіне қызмет етеді+”,— деді.
24 Айы-күні жетіп, Рабиға шынымен де егіз туды. 25 Бірінші туылған баланың үсті-басын қызыл түк басқан*+ екен, сондықтан олар оны Есау*+ деп атады. 26 Артынан Есаудың өкшесін ұстап сыңары туылды+. Сондықтан ол баланың есімін Жақып*+ деп қойды. Егіз ұлы туылғанда ол 60 жаста еді.
27 Екеуі де ержетті. Есау жақсы аңшы болып+, дала кезіп жүрді. Ал Жақып мінсіз болып, шатырда тұрды+. 28 Ысқақ Есауды ерекше жақсы көрді, өйткені ол аңның етін әкеп беретін. Ал Рабиға Жақыпты ерекше жақсы көрді+. 29 Бір күні Жақып көже пісіріп жатқанда, даладан шаршап-шалдығып Есау келді. 30 Ол Жақыптан: “Аштан өлейін деп тұрмын, тезірек, анау қызыл көжеңнен берші!”— деп сұрады. Сол себепті ол Едом*+ деп те аталды. 31 Жақып оған: “Алдымен маған тұңғыштық жолыңды+ сат”,— деді. 32 Сонда Есау: “Өлейін деп тұрғанымда, тұңғыштық жолдан маған не пайда?!”— деп жауап берді. 33 “Алдымен ант бер”,— деді Жақып. Есау ант етіп, Жақыпқа тұңғыштық жолын сатып жіберді+. 34 Жақып оған нан мен жасымық көже берді. Ол ішіп-жеп алды да, орнынан тұрып, өз жөнімен кетті. Осылай Есау тұңғыштық жолына немкетті қарады.