Мұсаның 1-жазбасы
46 Сонымен, Исраил бар иелігін алып, жолға шықты. Ол Бер-Шебаға+ жеткенде, әкесі Ысқақтың Құдайына+ арнап құрбандық шалды. 2 Түнде Құдай Исраилге аян беріп: “Жақып, Жақып!”— деп шақырды. Ол: “Тыңдап тұрмын”,— деді. 3 Құдай оған: “Мен шынайы Құдаймын, сенің әкеңнің Құдайымын+. Мысырға барудан қорықпа, өйткені сол жерде сенен ұлы халық таратамын+. 4 Мысырға сенімен бірге өзім барамын, сені сол жерден алып шығатын да өзім+. Қайтыс болғаныңда, көзіңді жабатын Жүсіп болмақ+”,— деді.
5 Жақып Бер-Шебадан жолға шықты. Исраилдің ұлдары әкелері Жақыпты, бала-шағалары мен әйелдерін перғауын жіберген арбаларға отырғызып алды. 6 Өздерімен бірге Қанахан елінде жинап-терген бар мал-мүлкін де алып жүрді. Сөйтіп, Жақып бүкіл отбасымен Мысырға келді. 7 Ол Мысырға ұл-қыздары мен немерелерін — күллі үрім-бұтағын көшіріп әкелді.
8 Мысырға көшіп барған Исраилдің, яғни Жақыптың, ұлдары+ мыналар: тұңғышы Рубен+.
9 Рубеннің ұлдары: Ханох, Палу, Хесрон және Қарми+.
10 Шимонның+ ұлдары: Емуел, Ямин, Охат, Яхин, Сохар және Шаул+. Шаул оның қанахандық әйелінен туылған ұлы болатын.
11 Леуінің+ ұлдары: Гершон, Қахат, Мерари+.
12 Яһуданың+ ұлдары: Ер, Онан, Шелах+, Парес+, Зарах+. Алайда Ер мен Онан Қанахан жерінде қайтыс болған+.
Парестің ұлдары: Хесрон мен Хамул+.
13 Исахардың ұлдары: Тола, Пуа, Иоб, Шимрон+.
14 Забулонның+ ұлдары: Серет, Елон, Яхлел+.
15 Бұлар Лияның Жақыпқа Падан-Арамда туып берген ұлдары. Қызы Дина+ да сол жерде туылды. Оның Лиядан тараған ұрпағының барлығы 33 жан еді.
16 Ғадтың+ ұлдары: Зипион, Хаги, Шуни, Езбон, Ери, Ароди және Арели+.
17 Аширдің+ ұлдары: Имнах, Ишуах, Ишуи, Бериях және қызы Сера.
Берияхтың ұлдары: Хебер мен Малхиел+.
18 Бұлар Лабан өз қызы Лияға күң ретінде берген Зилпаның+ ұлдары. Оның Жақыпқа туып берген балаларының барлығы 16 жан еді.
19 Ал әйелі Рахиланың Жақыпқа туып берген ұлдары: Жүсіп+ және Бениямин+.
20 Мысырда Жүсіптің Манаса+ мен Ефрем*+ атты ұлдары туылды. Олардың анасы Он қаласының абызы Потифердің қызы Әсенет+ болатын.
21 Бенияминнің ұлдары+: Бела, Бехер, Ашпел, Гера+, Нағыман, Ехи, Рош, Мупим, Хупим+, Ард+.
22 Бұлар Рахиланың Жақыпқа туып берген ұлдары. Олардың барлығы 14 жан еді.
24 Нафталимнің+ ұлдары: Яхзиел, Гуни, Есер, Шилем+.
25 Бұлар Лабан өз қызы Рахилаға күң ретінде берген Балханың ұлдары. Оның Жақыпқа туып берген балаларының барлығы 7 жан еді.
26 Жақыппен бірге Мысырға көшіп барған ұрпақтары, келіндерін қоспағанда, 66 жан болатын+. 27 Мысырда Жүсіптің екі ұлы туылды. Сонымен, Мысырға келген Жақыптың үй ішіндегілерінің барлығы 70* жан еді+.
28 Жақып Гөшенге бара жатқанын Жүсіпке айту үшін алдын ала Яһуданы+ жіберді. Содан олар Гөшен+ жеріне келді. 29 Жүсіп күймесін дайындап, әкесі Исраилді қарсы алу үшін Гөшенге бет алды. Ол әкесімен жүздескенде, оны құшақтай алып, ұзақ жылады. 30 Исраил Жүсіпке: “Сенің жүзіңді көріп, тірі екеніңе көзім жетті. Енді өле берсем болады”,— деді.
31 Жүсіп бауырлары мен әкесінің үйіндегілеріне мынаны айтты: “Мен перғауынға барып+: —Қанахан еліндегі бауырларым мен әкемнің үй іші осында келді+. 32 Олар мал бағатын бақташылар+. Өздерімен бірге ірілі-ұсақты малдарын, бүкіл дүние-мүлкін ала келді+,— деп айтайын. 33 Егер перғауын сіздерді шақырып алып: —Кәсіптерің қандай?— деп сұраса, 34 сіздер: —Құлдарыңыз ата-бабалары сияқты жастайынан мал бағады+,— деп жауап беріңіздер. Сонда сіздерге Гөшен аймағында қоныстануға рұқсат етер+. Өйткені мысырлықтар қой бағатындардан жиіркенеді+”.