Нехемия
12 Салател+ ұлы Зоробабелмен+ және Ешуамен+ бірге қайтып келген діни қызметкерлер мен леуіліктер мыналар: Сераях, Еремия, Езра, 2 Амариях, Малух, Хатуш, 3 Шехания, Рехум, Меремот, 4 Иддо, Гинетой, Әбиях, 5 Миямин, Мағадия, Білке, 6 Шемаях, Жохариб, Едаях, 7 Саллу, Амоқ, Хелкия, Едаях. Бұлар Ешуаның кезіндегі діни қызметкерлер мен олардың ағайындарының басшылары еді.
8 Леуіліктер: Ешуа, Бинуй, Кадмиел+, Шеребиях, Яһуда және Матаниях+. Матаниях өзінің ағайындарымен бірге Құдайға ризашылық білдіру әндерінің орындалуына жауапты болды. 9 Ағайындары Бақбұқиях пен Ұни оларға қарама-қарсы бетте күзетте тұрды*. 10 Ешуа Жоякимнің, Жояким Елиасыптың+, Елиасып Жояданың+, 11 Жояда Жонатанның, Жонатан Жадуаның әкесі еді.
12 Жоякимнің күндерінде діни қызметкерлер әрі әулетбасылары мыналар болды: Сераяхтың+ әулетінен Мерая, Еремияның әулетінен Хананиях, 13 Езраның+ әулетінен Мешулам, Амарияхтың әулетінен Жоханан, 14 Малухидің әулетінен Жонатан, Шебанияхтың әулетінен Жүсіп, 15 Харимнің+ әулетінен Адына, Мераяттың әулетінен Хелкай, 16 Иддоның әулетінен Зәкәрия, Гинетонның әулетінен Мешулам, 17 Әбияхтың+ әулетінен Зихри, Минияминнің* әулетінен ...*, Моғадидің әулетінен Пилтай, 18 Білкенің+ әулетінен Шаммуа, Шемаяхтың әулетінен Ехонатан, 19 Жохарибтің әулетінен Матенай, Едаяхтың+ әулетінен Ұзи, 20 Саллайдың әулетінен Қаллай, Амоқтың әулетінен Ебер, 21 Хелкияның әулетінен Хашабиях, Едаяхтың әулетінен Нетәнел.
22 Елиасып, Жояда, Жоханан мен Жадуаның+ кезіндегі леуіліктердің әулетбасылары, діни қызметкерлер сияқты, Персия патшасы Дарий билік еткенге дейін тізімге алынып отырған.
23 Әулетбасы болған леуіліктер сол кездегі, тіпті Елиасып ұлы Жохананның күндеріне дейін, жылнама кітабына жазылды. 24 Леуіліктердің басшылары Хашабиях, Шеребиях, Кадмиел+ ұлы Ешуа+ еді. Олардың қарсысында, Құдайдың адамы Дәуіттің нұсқауларына сай, Құдайға мадақ пен ризашылық әндерін айту үшін ағайындары тұрды+. Күзетші топтар бірінен кейін бірі тұрды. 25 Қақпалардың жанындағы қойма бөлмелерін күзететін қақпашылар+: Матаниях+, Бақбұқиях, Абадия, Мешулам, Талмон және Ақұп+. 26 Олар Ехосадықтың немересі, Ешуаның+ ұлы Жоякимнің, әмірші Нехемия мен діни қызметкер әрі көшірмеші Езраның+ тұсында қызмет етті.
27 Иерусалимнің қабырғасын салтанатпен бағыштау рәсімін өткізерде, оны зор қуанышпен, Құдайға ризашылық әндермен+, шың*, арфа және басқа да ішекті аспаптармен өткізу үшін, жұрт жер-жерде тұрып жатқан леуіліктерді іздеп тауып, Иерусалимге жинады. 28 Арнайы дайындалған леуілік әншілер* жақын маңдағы аймақтан*, Иерусалимнің төңірегі мен нетопалықтардың+ елді мекендерінен жиналды. 29 Сондай-ақ олар Бет-Ғылғалдан+, Геба+ мен Азмауеттің+ жерінен келді. Өйткені әншілер Иерусалимнің төңірегінде өздеріне елді мекендер жасап алған болатын. 30 Діни қызметкерлер мен леуіліктер тазару рәсімінен өтті. Олар халыққа да, қақпалар+ мен қабырғаға да+ тазару рәсімін жасады+.
31 Сосын мен Яһуданың басшыларын ертіп алып, қабырғаның үстіне шықтым. Содан Құдайға ризашылық әндерін айтатын екі үлкен топты, оларға еріп жүретін адамдарды тағайындадым. Бірінші топ қабырға үстімен оң жаққа, Күл-қоқыс қақпасына+ қарай жылжыды. 32 Осы топтың соңынан мыналар жүріп отырды: Хошаях пен Яһуда басшыларының жартысы, 33 Азариях, Езра, Мешулам, 34 Яһуда, Бениямин, Шемаях пен Еремия. 35 Оларға керней тартқан діни қызметкерлердің+ ұрпақтары да еріп жүрді. Олардың арасында Зәкәрия (ол Жонатанның, Жонатан Шемаяхтың, Шемаях Матанияхтың, Матаниях Михаяның, Михая Закурдың ұлы, ал Закур Асаптың+ ұрпағы болатын), 36 оның ағайындары Шемаях, Азарел, Милалай, Гилалай, Мағай, Нетәнел, Яһуда және Ханани. Олар Құдай адамы Дәуіттікіне ұқсас аспаптарда ойнады+. Бұлардың алдында көшірмеші Езра+ жүріп отырды. 37 Бұлақ қақпасына+ келгенде, олар Дәуіттің қаласына+ апаратын баспалдақтардың+ жоғарғы жағынан өтті де, Дәуіт үйінің жоғарғы жағындағы қабырғамен көтеріліп, шығыстағы Су қақпасына+ қарай беттеді.
38 Ал Құдайға ризашылық әндерін айтқан екінші топ оларға қарсы бетпен жүріп отырды. Мен қалған адамдармен бірге соларға ілестім. Біз қабырғаның үстімен жүріп, Тандыр мұнарасы+ мен Кең қабырғадан+, 39 Ефрем қақпасынан+, Ескі қала қақпасынан+, Балық қақпасынан+, Хананел мұнарасынан+, Меға қақпасынан және Қой қақпасынан+ өтіп, Күзет қақпасына келіп тоқтадық.
40 Ақыр соңында, Құдайға ризашылық әндер айтқан екі топ та Құдай үйінің алдына келіп тоқтады. Мен де, басқарушылардың жартысымен сол жерге тоқтадым. 41 Керней тартқан діни қызметкерлер Елиәкім, Мағасеях, Миниямин, Михая, Елионай, Зәкәрия, Хананиях, 42 сондай-ақ Мағасеях, Шемаях, Елазар, Ұзи, Жоханан, Малхиях, Елам және Езер де сол жерде тұрды. Әншілер Израхияхтың жетекшілігімен қатты дауыстап ән шырқады.
43 Сол күні олар көптеген құрбандықтар ұсынып, шат-шадыман болды+, өйткені Құдай оларға зор қуаныш сыйлады. Әйелдер мен бала-шаға да мәз-мейрам болды+. Иерусалимдегі шаттықтың үні алысқа естіліп жатты+.
44 Сол күні сый-тартулар+, алғашқы өнім+ мен оннан бір бөлік+ сақталатын қойма бөлмелеріне+ қараушы етіп ер кісілер тағайындалды. Олар бұл қоймаларға қаланың төңірегіндегі танаптардан діни қызметкерлер мен леуіліктерге Заң бойынша берілетін үлесті+ жинайтын болды. Себебі діни қызметкерлер мен леуіліктердің қызмет етіп жатқанына Яһуда халқы қуанып жатқан еді. 45 Олар Құдайдың алдындағы және тазару рәсіміне қатысты міндеттерін атқаруға кірісті. Әншілер мен қақпа күзетшілері де, Дәуіттің және оның ұлы Сүлейменнің берген нұсқауларына сай, өз міндеттерін атқара бастады. 46 Өйткені ежелде, Дәуіт пен Асаптың күндерінде, Құдайды мадақтап, ризашылық білдіретін әндер орындайтын әншілердің жетекшілері болған+. 47 Зоробабел+ мен Нехемияның күндерінде Исраил халқы әншілер мен қақпа күзетшілеріне күнделікті үлесін беріп отырды+. Сондай-ақ олар леуіліктерге де тиесілі үлесін беріп тұрды+, леуіліктер болса өз үлестерінен Харонның ұрпақтарына тиісті бөлікті беріп отырды.