Езекиел
46 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Ішкі аулаға апаратын шығысқа қарап тұрған қақпа ғимараты+ жұмыс күндері — алты күн бойы+ жабық тұрсын+, ал Демалыс күні мен Жаңа туған ай мейрамы күні ашық болу керек. 2 Басшы сырттан осы қақпа ғимаратының кіреберіс дәлізі арқылы кіріп+, жақтауларының жанына келіп тұрсын. Діни қызметкерлер оның түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын ұсынуы керек, ал ол босағада тұрып бас исін де, шығып кетсін. Бірақ қақпа ғимараты кешке дейін жабылмасын. 3 Халық та Демалыс күні мен Жаңа туған ай мейрамында сол қақпа ғимаратының кіреберісінде Ехобаға тағзым етсін+.
4 Басшы Демалыс күні Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандыққа кемістігі жоқ алты еркек тоқты, бір қошқар ұсынсын+. 5 Қошқарға қоса астық тартуы ретінде бір ефа* ұн берілсін, ал тоқтыларға қоса не бере алса, соны берсін. Әр ефа ұнға қоса бір хиннен* май ұсыну керек+. 6 Жаңа туған ай мейрамында табыннан кемістігі жоқ бір бұқа, алты еркек тоқты, бір қошқар ұсынылсын. Малдардың ешқайсысының кемістігі болмасын+. 7 Басшы бұқа мен қошқарға қоса астық тартуы ретінде бір-бір ефадан ұн ұсынсын, ал тоқтыларға қоса не бере алса, соны берсін. Сондай-ақ ол әр ефа ұнға қоса бір хиннен май беру керек.
8 Басшы қақпа ғимаратына кіреберіс дәліз арқылы кіріп, сол арқылы шығуы тиіс+. 9 Ал халық мейрам кездерінде ғибадат ету үшін Ехобаның алдына келгенде+, солтүстік қақпа ғимараты арқылы кіргендері+ оңтүстік+, ал оңтүстік қақпа ғимараты арқылы кіргендері солтүстік қақпа ғимараты арқылы шығулары керек. Ешкімнің кірген қақпа ғимараты арқылы шығуына болмайды, олар қарсы тұрған қақпа ғимараты арқылы шығуы тиіс. 10 Халық арасындағы басшы жұртпен бірге кіріп, жұртпен бірге шығу керек. 11 Ол мейрамдарда және мерекелік кезеңдерде астық тартуы ретінде бір бұқа мен бір қойға бір ефадан ұн ұсынсын, ал еркек тоқтыларға қоса не бере алса, соны берсін. Ал әр ефа ұнға қоса бір хиннен май әкелетін болсын+.
12 Басшы Ехобаға арналған ерікті тарту ретінде түгел өртелетін+ не татулық құрбандығын ұсынса, оған шығысқа қарап тұрған қақпа ғимараты ашылуы керек. Ол өзінің түгел өртелетін және татулық құрбандығын Демалыс күніндегідей+ ұсынсын. Басшы шыққан соң, оның артынан қақпа ғимаратын жауып қою керек+.
13 Күн сайын таңертең Ехобаға арналған түгел өртелетін құрбандық ретінде бір жастан аспаған, еш кемістігі жоқ еркек тоқты әкелінсін+. 14 Мұнымен қатар, күнде таңертең астық тартуы ретінде бір ефа ұнның алтыдан бір бөлігі ұсынылсын. Бұған қоса, Ехобаға арналған астық тартуы ретінде таңдаулы ұнға бүркитін бір хин майдың үштен бір бөлігі үнемі әкелінетін болсын. Бұл — мәңгі бақи орындалуы тиіс жарлық. 15 Осылайша күн сайын таңертең бір еркек тоқты, астық тартуы мен май түгел өртелетін құрбандық ретінде үнемі ұсынылатын болсын.
16 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: —Басшы әр ұлына мұралы үлес ретінде сый берсе, ол солардың меншігіне айналады. Бұл — олардың мұра еткен иелігі. 17 Ал егер басшы қызметшілерінің біріне өз мұрасынан сый берсе, ол бостандық жылына+ дейін соның меншігі болады да, сосын басшының өзіне қайтарылады. Өз ұлдарына берілген мұра ғана мәңгілікке солардың меншігі болады. 18 Басшы ешкімді иелігіндегі жерден қуып жіберіп, мұралы үлесін тартып алмасын. Халқымның ешбір адамы өз иелігіндегі жерден айырылып қалмау үшін, ол ұлдарына мұраны өз меншігінен берсін”.
19 Бұдан кейін ол мені қақпа ғимаратының жанындағы кіретін жер+ арқылы діни қызметкерлердің солтүстікке қарап тұрған қасиетті ас бөлмелеріне әкелді+. Қарасам, арт жақта, батысқа қарай бір ашық жер бар екен. 20 Ол маған былай деді: “Сыртқы аулаға бірдеңе алып шығып, жұртқа киелілік таратпас үшін+, діни қызметкерлер айып және күнә үшін әкелінетін құрбандықтардың етін де, астық тартуын да осы жерде пісіреді+”.
21 Сосын ол мені сыртқы аулаға алып шықты да, ауланың төрт бұрышын аралатты. Әр бұрышта шағын аула бар екен. 22 Олардың ұзындығы 40, ені 30 шынтақ* еді. Төртеуінің де көлемі бірдей. 23 Шағын аулалардың төртеуінің де іш жағына айналдыра тас кертпештер қаланыпты, ал олардың астыңғы жақтарында құрбандық етін пісіретін жерлер салыныпты. 24 Бұдан кейін ол маған: “Осы үйлерде ғибадатхана қызметшілері жұрт әкелген құрбандықтардың етін пісіреді+”,— деді.