Мұсаның 3-жазбасы
26 Өздеріңе еш пайдасы жоқ пұттар жасамаңдар+, қашалған мүсін+ не тас бағана тұрғызбаңдар, сондай-ақ тұратын жерлеріңде сурет салынған тас орнатып+, оған табынбаңдар+. Өйткені мен сендердің Құдайларың Ехобамын. 2 Мен орнатқан Демалыс күнін ұстанып, қасиетті орнымды қастерлеңдер. Мен Ехобамын.
3 Егер жарлықтарыма сай өмір сүріп, заңдарымды ұстанып+, оларды орындасаңдар, 4 мезгілінде молынан жауын жаудырамын+, сонда жерлерің өнім+, даладағы ағаштарың жеміс беретін болады. 5 Өнімнің мол болғаны сонша — астықтарыңды жүзім жинағанға дейін бастырасыңдар, ал жүзімдеріңді тұқым себетін кезге дейін тересіңдер. Тойғандарыңша нан жеп, елдеріңде қауіпсіз өмір сүресіңдер+. 6 Елдеріңде тыныштық орнатамын+, сонда төсектеріңде еш қорқынышсыз жатасыңдар+. Жерлеріңнен жыртқыш аңдарды қуамын, сендерге қарсы ешкім семсер көтермейтін болады. 7 Жауларыңды өкшелей қуып, семсермен қырып саласыңдар. 8 Бесеуің — жүздің, ал жүзің — он мыңның соңына түсіп қуасыңдар. Жауларың көз алдарыңда семсердің жүзінен қырылады+.
9 Шапағатымды түсіріп, сендерді үбірлі-шүбірлі етіп көбейтемін+, сендермен жасасқан келісімімді орындаймын+. 10 Өткен жылғы астықты жеп бітпей жатып, жаңа орған егінді қоймаларыңа құю үшін, ескісін шығарып тастайсыңдар. 11 Орталарыңа шатырымды тігемін+, мен сендерден бас тартпаймын. 12 Араларыңда жүріп, Құдайларың боламын+, ал сендер менің халқым боласыңдар+. 13 Мен Құдайларың Ехобамын, сендерді құлдықтан босатып, Мысырдан алып шықтым. Еңселеріңді көтеріп жүрулерің үшін мойынтұрықтарыңды* сындырдым.
14 Алайда маған құлақ аспай, осы заңдарымның барлығын орындамасаңдар+, 15 жарлықтарымнан бас тартсаңдар+, шешімдерімді жек көріп, бұйрықтарымның ешқайсысына мойынсұнбасаңдар, осылайша келісімімді бұзсаңдар+, 16 онда өзім сендерді былай жазалаймын: қасірет шегесіңдер, өкпе ауруына ұшырайсыңдар, ыстықтарың көтеріледі, бұдан көздерің тұманданып, бойларыңнан күш-қуат кетеді. Бекерге егін егесіңдер, өйткені оны жауларың азық етеді+. 17 Сендерге қарсы шығамын, сонда жауларыңнан күйрей жеңілесіңдер+. Өздеріңді жек көретіндердің езгісіне қаласыңдар+, ешкім қумаса да, тұра қашасыңдар+.
18 Осыдан кейін маған құлақ аспасаңдар, күнәларың үшін жеті есе қатты жазалаймын. 19 Қыңыр көкіректеріңді басып, аспандарыңды темірдей+, жерлеріңді мыстай қылып тастаймын. 20 Күштеріңді босқа сарп етесіңдер, өйткені жерлерің өнім, даладағы ағаштарың жеміс бермейтін болады+.
21 Сонда да мені тыңдаудан бас тартып, маған қарсы шығуды қоймасаңдар, күнәларыңа қарай жеті есе жазалаймын. 22 Сендерге даланың жабайы аңдарын жіберемін+, олар бала-шағаңнан айырып+, малдарыңды қырып кетеді. Сонда араларың сиреп, жолдарың қаңырап бос қалады+.
23 Осыдан кейін де түзетулеріме көнбей+, маған қарсы шығуды қоймасаңдар, 24 мен де сендерге қарсы шығып, күнәларың үшін жазаларыңды жеті есе көбейтемін. 25 Менімен жасасқан келісімді бұзғандарыңның қарымтасын семсермен қайтарамын+. Қалаларыңа қашып тығылсаңдар, індет жіберіп+, жауларыңның қолына ұстап беремін+. 26 Сендерді нанға жарымайтын күйге жеткіземін*+, сонда он әйел нанын бір-ақ тандырға жауып, оны сендерге өлшеп береді+. Сондықтан нан жесеңдер де, қарындарың тоймайтын болады+.
27 Бұдан кейін де маған құлақ аспай, қарсы шыға берсеңдер, 28 мен сендерге одан бетер қарсы шығып+, күнәларың үшін жеті есе қатты жазалаймын. 29 Ұлдарың мен қыздарыңның етін жейтін боласыңдар+. 30 Мен қасиетті төбелеріңді жермен-жексен етіп+, хош иісті заттар түтететін орындарыңды қиратып, мәйіттеріңді жансыз да жеркенішті пұттарыңның+ үстіне үйемін. Сендерден жиреніп, жүзімді бұрып әкетемін+. 31 Қалаларыңды тас-талқан етіп+, киелі орындарыңды бос қалдырамын. Құрбандықтарыңның хош иісін де иіскемеймін. 32 Өзім елдеріңді қаңыратамын+, сонда жеріңе көшіп келген жауларың бұны көріп таңғалады+. 33 Ал сендерді халықтардың арасына бытыратып жіберемін+. Семсерді қынабынан шығарып, соңдарыңнан жіберемін+. Жерлерің елсіз+, қалаларың тып-типыл болады.
34 Сендер жау еліне айдалып, жерлерің қаңырап бос қалғанда, ол тынығатын болады. Сонда ұстанбаған Демалыс жылдарының қарымтасы қайтарылып, жерлерің демалады+. 35 Қаңырап жатқан уақыттың бәрінде жер тынығады, өйткені сол жерде тұрған кездеріңде Демалыс жылдарын ұстанбаған едіңдер.
36 Аман қалып+, жау елінде жүргендеріңді түңілдіремін. Олар сол уақытта тіпті жапырақтың сыбдырынан қорқып қашатын болады. Ешкім қумаса да, семсердің жүзінен қашқандай қашып, сүрініп құлайды+. 37 Соңынан ешкім түспесе де, олар семсерден қашқан адамдардай бір-біріне шалынып жығылады. Жауларыңа төтеп беруге қауқарларың жетпейді+. 38 Бөтен халықтардың арасында өлім құшасыңдар+, жау жері сендерді жалмап қояды. 39 Ал аман қалғандары өздерінің және әкелерінің жасаған күнәларының+ кесірінен жау жерінде+ тоз-тоз болып құрып кетеді. 40 Сонда олар өздерінің және әкелерінің күнәларын, сондай-ақ маған қарсы шығып+, опасыздық жасағандарын мойындайды+. 41 Мен оларға жасаған күнәлары үшін қарсы шығып+, жау жеріне айдаған едім+.
Мұны олардың қасарысқан жүректері жұмсарып+, жасаған күнәларын мойнымен көтерсін деп істедім. 42 Сонда мен Жақыппен, Ысқақпен, Ыбырайыммен жасасқан келісімімді+, сондай-ақ жерлеріңді есіме аламын. 43 Исраил халқы өз елін тастап кеткенде, қаңырап бос қалған жер тынығады. Осылай Демалыс жылдарының қарымтасын қайтарады+. Ал халық менің шешімдерімді орындаудан бас тартып, жарлықтарымды жек көргені+ үшін жауап береді. 44 Осыларға қарамастан, жау жерінде жүрген олардан мен толықтай бас тартпаймын+, мүлдем құрып кетулеріне де жол бермеймін. Әйтпесе олармен жасасқан келісімімді бұзған болар едім+. Ал мен олардың Құдайы Ехобамын. 45 Исраилдіктердің игілігі үшін олардың ата-бабаларымен жасасқан келісімімді есімде ұстаймын+. Құдайлары болу үшін, ата-бабаларын өзге халықтардың көз алдында Мысыр елінен алып шыққанмын+. Мен Ехобамын”.
46 Ехобаның Синай тауында Мұса арқылы исраилдіктерге берген нұсқаулары, шешімдері мен заңдары+, міне, осылар.