Мұсаның 4-жазбасы
2 Ехоба Мұса мен Харонға былай деді: 2 “Әрбір исраилдік шатырын өзінің үш рулы бөліміне+ белгіленген жерге, өз әулетін көрсететін белгінің* маңына тіксін. Бүкіл қос киелі шатырға қаратылып, оны айналдыра орналастырылсын.
3 Киелі шатырдың күншығыс жағына яһуда руы бастаған үш рулы бөлім өз жасағымен бірге орналассын. Яһуда үрім-бұтағының басшысы — Әминадап ұлы Нағасон+. 4 Оның жасағы санақтан өткен 74 600 ер адамнан тұрады+. 5 Яһуда руының жанына исахар руы қосын тіксін. Исахар үрім-бұтағының басшысы — Суар ұлы Нетәнел+. 6 Оның жасағы санақтан өткен 54 400 ер адамнан тұрады+. 7 Яһуда руының жанына қосын тігетін келесі ру — забулон. Забулон үрім-бұтағының басшысы — Хелон ұлы Елияп+. 8 Оның жасағы санақтан өткен 57 400 ер адамнан тұрады+.
9 Сонымен, яһуда руы бастаған қостың жасағы санақтан өткен 186 400 ер адамнан тұрады. Жолға шығарда, олар қосын бірінші болып жинасын+.
10 Оңтүстік жағына рубен руы+ бастаған үш рулы бөлім өз жасағымен бірге орналассын. Рубен үрім-бұтағының басшысы — Шедеур ұлы Елисур+. 11 Оның жасағы санақтан өткен 46 500 ер адамнан тұрады+. 12 Рубен руының жанына шимон руы қосын тіксін. Шимон үрім-бұтағының басшысы — Суришадай ұлы Шелумиел+. 13 Оның жасағы санақтан өткен 59 300 ер адамнан тұрады+. 14 Рубен руының жанына қосын тігетін келесі ру — ғад. Ғад үрім-бұтағының басшысы — Деуел* ұлы Елиясап+. 15 Оның жасағы санақтан өткен 45 650 ер адамнан тұрады+.
16 Сонымен, рубен руы бастаған қостың жасағы санақтан өткен 151 450 ер адамнан тұрады. Жолға шығарда, олар қосын екінші болып жинасын+.
17 Кездесу шатырын алып жүргенде+, леуіліктер өзге қостардың ортасында жүру керек.
Исраилдіктер жолға шыққанда, қостарының орналасу тәртібімен жүріп отырсын+, яғни әркім үш рулы бөліміндегі өз орнын өзгертпесін.
18 Батыс жағында ефрем руы бастаған үш рулы бөлім өз жасағымен бірге орналассын. Ефрем үрім-бұтағының басшысы — Әмихуд ұлы Елишама+. 19 Оның жасағы санақтан өткен 40 500 ер адамнан тұрады+. 20 Ефрем руының жанына манаса руы+ қосын тіксін. Манаса үрім-бұтағының басшысы — Педасур ұлы Гамалиел+. 21 Оның жасағы санақтан өткен 32 200 ер адамнан тұрады+. 22 Ефрем руының жанына қосын тігетін келесі ру — бениямин. Бениямин үрім-бұтағының басшысы — Гедеони ұлы Әбидан+. 23 Оның жасағы санақтан өткен 35 400 ер адамнан тұрады+.
24 Сонымен, ефрем руы бастаған қостың жасағы санақтан өткен 108 100 ер адамнан тұрады. Жолға шығарда, олар қосын үшінші болып жинасын+.
25 Солтүстік жағында дан руы бастаған үш рулы бөлім өз жасағымен бірге орналассын. Дан үрім-бұтағының басшысы — Әмишадай ұлы Ахиезер+. 26 Оның жасағы санақтан өткен 62 700 ер адамнан тұрады+. 27 Дан руының жанына ашир руы қосын тіксін. Ашир үрім-бұтағының басшысы — Охран ұлы Пагиел+. 28 Оның жасағы санақтан өткен 41 500 ер адамнан тұрады+. 29 Дан руының жанына қосын тігетін келесі ру — нафталим. Нафталим үрім-бұтағының басшысы — Енан ұлы Ахира+. 30 Оның жасағы санақтан өткен 53 400 ер адамнан тұрады+.
31 Сонымен, дан руы бастаған қостың жасағы санақтан өткен 157 600 ер адамнан тұрады. Жолға шығарда, олар үш-үш рудан тұратын бөлімдердің ең соңғысы болып қосын жинасын+”.
32 Әулеттері бойынша санақтан өткен исраилдіктер, міне, осылар. Исраил қосындағы шайқасқа жарамды ер адамдардың жалпы саны 603 550 болды+. 33 Ехобаның Мұсаға айтқан бұйрығына сай, леуіліктер өзге исраилдіктермен бірге тіркеуге алынған жоқ+. 34 Исраилдіктер Ехобаның Мұсаға бұйырғанының бәрін істеді. Олар осылайша үш рулы өз бөлімдерімен бірге шатыр тігетін+ әрі жолға жиналатын болды+. Әркім өз отбасымен, өз әулетімен бірге көшіп-қонып жүрді.