Мұсаның 5-жазбасы
19 Ехоба Құдайларың бергелі жатқан елдегі халықтарды Ехоба Құдайларың жойып, сендер олардың жерін басып алып, қалалары мен үйлеріне қоныстанып алған соң+, 2 Ехоба Құдайларың иеліктеріңе берген сол өлкеден үш қаланы бөліп алыңдар+. 3 Ехоба Құдайларың берген сол өлкені үш аймаққа бөліңдер де, сондағы әлгі қалаларға апаратын жол салыңдар. Кісі өлтірген адам сол қалалардың біріне қашып барып, бассауғалай алатын болсын.
4 Сол қалаларға кісі өлтірген адам біреуді жек көргеннен емес, байқаусызда өлтіріп қойған жағдайда ғана қашып бара алады+. 5 Мысалы, екі адам орманға отын алуға барып, бірі ағаш шабамын деп балтасын сілтей бергенде, балтаның басы сабынан шығып кетіп, екіншісіне тиіп, оны мерт қылған жағдайда, ол әлгі қалалардың біріне қашып барып, бассауғаласын+. 6 Әйтпесе төгілген қанның кегін алушы+ ашу үстінде кісі өлтірушінің соңына түсіп, оны жол ұзақ болғандықтан қуып жетіп, өлтіріп қоюы мүмкін. Осылай өлімге бұйыратындай жазығы жоқ, яғни байқаусызда кісі өлтірген, жанның қаны төгіледі+. 7 Міне, сондықтан да сендерге үш қаланы бөліп қоюды бұйырып отырмын.
8 Ехоба Құдайларың ата-бабаларыңа уәде еткендей, жерлеріңді кеңейтіп+, оларға уәде еткен жердің бәрін сендерге бергенде+ 9 (мұны ол мен бүгін бұйырған заңдардың бәрін адал орындап, Ехоба Құдайларыңды сүйіп, әрдайым оның жолымен жүргендерің үшін істейді+), осы үш қаладан басқа тағы үш қаланы бөліп қойыңдар+. 10 Осылай Ехоба Құдайларың мұралыққа бергелі жатқан жерде жазықсыз адамның қаны төгілмейді де+, соның қаны мойындарыңа жүктелмейді де+.
11 Егер адам әлдебіреуді жек көргендіктен+ тасадан тап беріп, ауыр жарақаттап, оны мерт қылса, сөйтіп, осы қалалардың біріне қашып кетсе, 12 өз қаласының ақсақалдары оны қашқан жерінен қайтарып, марқұмның кегін алушы адамның қолына берсін, ол өлуге тиіс+. 13 Кісі өлтірушіге аяушылық жасамаңдар. Өз игіліктерің үшін Исраилді жазықсыз төгілген қанның күнәсінан арылтуларың керек+.
14 Ехоба Құдайларың иелікке бергелі жатқан елден мұралыққа жер алған соң, көрші жатқан бауырыңның жерінің шегарасын ата-бабаларың белгілеп кеткен межеден жылжытушы болмаңдар+.
15 Қандай да бір қылмыс не күнә жасады деп адамға айып тағу үшін, бір ғана куәгердің растауы жеткіліксіз+. Кез келген іс екі не үш куәгердің сөзімен дәлелденуі керек+. 16 Егер зұлым ниетті адам біреуге қарсы куәлік айтып, оны қылмыс жасады деп айыптаса+, 17 онда дауласқан осы екі адам Ехобаның алдына, яғни діни қызметкерлер мен сол уақыттағы билердің алдына келсін+. 18 Билер істі мұқият тексерсін+. Егер куәгердің өз бауырына таққан айыбы өтірік болып шықса, 19 онда кінәсіз бауырына істемек болған зұлымдығын өз басына келтіріңдер+. Осылай араларыңнан зұлымдықты аластатыңдар+. 20 Сонда басқалар мұны естіп, қорқатын болады да, елде мұндай зұлымдық қайталанбайды+. 21 Оны аяп-мүсіркемеңдер+: жан* үшін жан, көз үшін көз, тіс үшін тіс, қол үшін қол, аяқ үшін аяқ алынсын+.