Самуилдің 1-жазбасы
7 Содан Кирият-Еғаримнің тұрғындары Ехобаның келісім сандығын алып кетіп, қыр басында тұратын Әбинадаптың үйіне апарып қойды+. Ал оның ұлы Елазарды Ехобаның келісім сандығын күзетуге тағайындады.
2 Сандықтың Кирият-Еғаримде тұрғанына ұзақ уақыт, 20 жыл болғанда, күллі исраилдіктер Ехобаға бет бұра бастады+. 3 Самуил оларға: “Ехобаға бар жүректеріңмен бет бұрамыз десеңдер+, бөтен құдайлар+ мен Аштар мүсіндерінен+ арылыңдар. Жүректеріңді Ехобаға бұрып, соған ғана қызмет етіңдер+. Сонда ол сендерді філістірлердің қолынан құтқарады+”,— деді. 4 Исраилдіктер бұған құлақ асып, Бағалдар мен Аштар мүсіндерін лақтырып тастап, Ехобаға ғана қызмет ететін болды+.
5 Бұдан кейін Самуил: “Исраилдіктердің бәрі Миспаға+ жиналсын, сол жерде мен сендер үшін Ехобаға сиынайын+”,— деді. 6 Сонымен, жұрт Миспаға жиналды. Олар су тартып, Ехобаның алдында оны жерге төгіп, сол күні ораза тұтты+. Өйткені олар: “Біз Ехобаға қарсы күнә жасадық”+,— деді. Самуил сол жерде халыққа төрелік етті+.
7 Філістірлер исраилдіктердің Миспаға жиналғанын білгенде, філістір билеушілері+ олармен соғысуға аттанды. Мұны естіген исраилдіктер зәрелері қалмай, 8 Самуилге: “Біз үшін Құдайымыз Ехобаға дұға етуді доғара көрмеңіз+. Ол бізге көмектесіп, філістірлердің қолынан құтқарсын!”— деді. 9 Сонда Самуил Ехобаға арнап бір қозыны құрбандыққа шалып, өртеп жіберді+. Сосын Ехобадан Исраил халқы үшін көмек сұрады. Ехоба оның өтінішіне құлақ асты+. 10 Самуил құрбандық шалып жатқанда, філістірлер шабуыл жасамақ болып таяп келді. Сол кезде Ехоба қатты күн күркіретіп+, філістірлерді әбден састырды да+, исраилдіктер олардың тас-талқанын шығарды+. 11 Олар жауларын Миспадан оңтүстік Бет-Қорға дейін өкшелей қуып, жол-жөнекей қырумен болды. 12 Бұдан кейін Самуил Миспа мен Ешананың арасына бір тас+ орнатты. Ол: “Ехоба бізге әлі де көмектесіп келеді”+,— деп, тасты Әбен-Езер* деп атады. 13 Ал філістірлердің беті қайтып, бұдан былай Исраил жеріне аяқ баспайтын болды+. Самуилдің заманында оларға әрдайым Ехобаның құдіретті қолы төніп тұрды+. 14 Бұған қоса, исраилдіктер кезінде філістірлер тартып алған Екроннан Ғатқа дейінгі қалалар мен олардың қарамағындағы жерлерді қайтарып алды.
Сондай-ақ исраилдіктер мен аморлықтардың+ арасында да тыныштық орнады.
15 Самуил өмірінің соңына дейін Исраилдің биі болды+. 16 Ол жыл сайын Бетелді+, Ғылғал+ мен Миспаны+ аралап, осы жерлердің бәрінде исраилдіктерге төрелік ететін. 17 Бұдан кейін Рамақтағы+ үйіне оралып, сол жерде де Исраил халқына төрелік айтатын. Ол Рамақта Ехобаға арнап құрбандық орнын жасады+.