Әйүп
33 Ал енді, Әйүп, маған құлақ түріп,
Айтқан сөздерімді түгел тыңдаңыз.
2 Міне, мен сөйлеуге аузымды аштым,
Тілімнің тиегін ағыттым.
5 Қолыңыздан келсе, жауап беріңіз,
Уәжді сөзіңізді айтыңыз, дайын болыңыз.
6 Міне, Құдайдың алдында мен де өзіңіз сияқтымын,
Мен де балшықтан қалыптастырылдым+.
7 Сондықтан менен қорқудың қажеті жоқ,
Сізді қыспаққа да алмақ емеспін.
8 Бірақ мен айтқандарыңызды естідім,
Иә, мына сөздеріңізді тыңдап отырдым:
9 “Мен сүттен ақ, судан тазамын,
Кінәратсызбын+!
10 Әйтсе де Құдай сылтау тауып, маған қарсы шықты,
Ол мені жау көреді+.
11 Аяғымды бұғаулап тастады,
Жолдарымды бағып жүреді+”.
12 Бірақ бұныңыз дұрыс емес, себебі:
Құдай пендеден әлдеқайда жоғары+.
13 Оған неге шағымданасыз+?
Ешбір сұрағыңызға жауап бермегендіктен бе+?
14 Құдай бір рет айтады, сосын тағы айтады,
Бірақ бұған ешкім ден қоймайды.
16 Сосын құлақтарын ашып+,
Тәлімін мөр басқандай бекітіп береді.
19 Адам төсегінде жатып қиналу арқылы,
Сүйектерінің тынымсыз сырқырауы арқылы да түзетіледі.
20 Осындай өмір оны наннан жирентеді,
Тіпті дәмді астан да бас тартқызады+.
21 Оның бойынан еті қашып,
Бұрын көрінбеген сүйектері шодырайып тұрады.
23 Ал егер оған ненің әділ екенін айтып,
Мыңның ішінен сөзін сөйлейтін
Бір хабаршы* табылса,
24 Құдай оған ықыласын түсіріп:
—Оны орға* түсірмей, аман алып қалыңдар+!
Мен төлем таптым+!
26 Ол Құдайға жалбарынғанда+, дұғасы қабыл алынады,
Шат-шадыман болып, оның жүзін көреді,
Ал Құдай пенде үшін өз әділдігін қайта орнатады.
29 Иә, Құдай мұның бәрін адам үшін
Екі рет, тіпті үш рет істейді.
31 Назар салыңыз, Әйүп! Мені тыңдаңыз!
Үндемей отыра тұрыңыз, мен айта түсейін.
32 Егер айтар сөзіңіз болса, айтыңыз,
Сөйлеңіз, өйткені мен әділдігіңізден таймағаныңызды қалаймын.
33 Ал айтарыңыз болмаса, мені тыңдап,
Үнсіз отыра тұрыңыз, мен сізді даналыққа үйретейін”.