Тімөтеге 2-хат
4 Құдай алдында, сондай-ақ ашық көрінгенде+ және Патша ретінде келгенде+, тірілерді де, өлілерді де соттайтын+ Мәсіх Исаның+ алдында саған мықтап ескертемін: 2 Құдай сөзін уағызда+, уақыт қолайлы не қиын болсын, мұны кейінге қалдырмай атқар; тәлім беру шеберлігін барынша қолданып, зор шыдамдылықпен әшкереле+, қатаң ескерт, жігер бер+. 3 Себебі кейбіреулер дұрыс ілімге құлақ аспай, өз қалаулары бойынша әрекет ететін уақыт келеді+. Олар құлақтарына жағатынды айтатын ұстаздарды айналасына жинайды+, 4 шындыққа құлақ салмай, бос аңыздарға ден қояды. 5 Ал сен әрдайым қырағы әрі қиындыққа төзімді бол+. Ізгі хабардың уағыздаушысы болып, қызметіңді толықтай атқара бер+.
6 Мен қазірдің өзінде сұйық тарту сияқты құйылып жатырмын+, Мәсіхпен бірге болу үшін өлетін уақытым+ жақын қалды. 7 Мен ізгі күрес жүргіздім+, мәреге жеттім+, сенімімді сақтап қалдым. 8 Осы уақыттан бастап мен үшін әділдік тәжі сақтаулы тұр+. Оны маған әділ төрешіміз әрі Иеміз+ сот күні сыйламақ+, тек маған емес, оның көрінетін уақытын аңсап жүргендердің бәріне сыйлайды.
9 Маған тезірек келу үшін қолыңнан келгеннің бәрін істе. 10 Себебі Димас+ осы дүниені* жақсы көріп, мені тастап, Салоникаға кетті; Крескес Ғалатияға, ал Тит Далматияға аттанды. 11 Жалғыз Лұқа ғана қасымда. Марқаны өзіңмен бірге ала кел, өйткені ол қызметіме пайдалы болмақ. 12 Тихикті+ Ефеске жібердім. 13 Трояда Қарпостың үйіне тастап кеткен шапанымды, сондай-ақ шиыршықтарды, әсіресе жарғақтан жасалғандарын ала кел.
14 Мыс зергері Ескендір маған көп жамандық жасады. Ехоба оған ісіне қарай қарымтасын қайтарады+. 15 Сен де одан сақ бол, өйткені ол хабарымызға қатты қарсылық көрсетті.
16 Алғаш рет өзімді қорғап сөйлегенде, мені ешкім жақтамады, бәрі тастап кетті. Мұнысын Құдай олардың мойнына артпай-ақ қойсын. 17 Бірақ мен арқылы уағыз ісі толық атқарылып, оны барлық халықтар есту үшін+, Иеміз қасымда тұрып, күш берді; мен арыстанның аузынан құтқарылдым+. 18 Иеміз мені жамандық атаулыдан құтқарып, өзінің Көктегі Патшалығы+ үшін аман сақтайды. Ол мәңгі бақи даңқтала берсін! Аумин.
19 Приска* мен Ақилаға+, сондай-ақ Онисипордың үй ішіне+ сәлем айт.
20 Ераст+ Қорынтта қалды, ал Трофимді+ ауырып қалғандықтан Милетте қалдырдым. 21 Қыс түспей келу үшін қолыңнан келгеннің бәрін істе.
Еубұл, Пуден, Лин, Клаудия және басқа бауырластардың бәрі саған сәлем жолдауда.
22 Танытып жүрген жақсы рухың үшін Иеміз саған жар болсын. Оның рақымы сендерге жауа берсін!