Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Қорах ұлдарының жыры+. Аламот* мәнерінде айтуға арналған. Ән.
3 Теңіз суы буырқанып, көбік шашса да+,
Таудың жартастары шайқалса да, еш шошымаймыз. (Села)
5 Құдайдың өзі осы қалада+, сондықтан ол еш құламайды.
Таң сәріден Құдай оған көмекке келіп, қолдайды+.
6 Ұлттар мазасыздана толқыды, патшалықтар күйреді,
Құдай дауыстап еді, жер балқып кетті+.
7 Әскербасы Ехоба бізбен бірге+,
Жақыптың Құдайы — қауіпсіз панамыз. (Села)
8 Келіп, Ехобаның істеріне,
Жер бетінде қандай таңғаларлық істер жасағанына куә болыңдар.
9 Ол күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады+,
Садақты сындырып, найзаны да быт-шыт қылады,
Соғыс арбаларын* отқа жағып құртады.
10 Ол былай дейді: “Бағыныңдар, менің Құдай екенімді біліңдер!