Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Ехобаның қызметшісі Дәуіттің жыры.
36 Зұлымның жүрек түкпірінен заңсыздық сөйлейді;
Зұлымның көзінен Құдайдан қорқудың нышаны да көрінбейді+.
3 Аузынан тек зұлымдық пен өтірік сөз шығады,
Жақсылық жасаудың не екенін ұқпайды.
4 Тіпті төсегінде жатып зымияндық ойлайды.
Аяғы тура жолда тұрмайды,
Жамандықтан бас тартпайды.
5 Уа, Ехоба, сенің айнымас сүйіспеншілігің көкке дейін+,
Адалдығың бұлттарға дейін жетеді.
Сен адамды да, хайуанды да аман сақтайсың, уа, Ехоба+!
7 Құдайым, айнымас сүйіспеншілігің неткен бағалы еді+!
Қанатыңның саясынан адамдар пана табады+.
8 Олар үйіңдегі мол дастарқаннан ішіп-жеп тойынады+;
Сен оларға дариядай көл-көсір игілігіңнен ішкізесің+.
10 Өзіңді білетіндерге айнымас сүйіспеншілігіңді+,
Ақжүрек жандарға әділдігіңді көрсете берші+.
11 Тәкаппарлардың мені аяғымен таптауына,
Зұлымдардың қаңғытып жіберуіне жол бермеші.
12 Әне, заңсыздық жасаушылар құлады,
Сұлап түсіп, тұра алмай жатыр+.