Аян
2 Ефестегі+ қауымның хабаршысына+ мынаны жаз: “Оң қолына жеті жұлдыз ұстап, жеті алтын шамдал арасында жүрген+ былай дейді: 2 —Мен істеріңді, еңбегің мен табандылығыңды, жаман адамдарға төзе алмайтыныңды және елші болмаса да, өздерін солай атайтындарды сынап+, өтірікші екендерін анықтағаныңды білемін. 3 Сондай-ақ табандылық танытып жүрсің, менің есімім үшін көп қиыншылыққа төзіп+, қажымадың+. 4 Десе де саған айтар наразылығым бар: сен алғашқы сүйіспеншілігіңді жоғалтып алдың.
5 Сондықтан қайдан құлағаныңды есіңе алып, өкін+ әрі бастапқыдағы істеріңді істе. Ал өкінбесең, келемін де, шамдалыңды+ орнынан алып тастаймын+. 6 Сөйтсе де сендегі бір жақсылық — мен жек көретін Николас сектасының+ істерін сен де жек көресің. 7 Құлағы бар әркім киелі рухтың қауымдарға айтқандарын тыңдасын+: жеңімпазға+ Құдайдың жұмағындағы өмір ағашының жемісінен беремін+”.
8 Смирнадағы қауымның хабаршысына мынаны жаз: “Бұрын өлген, ал қазір тірі+ “Алғашқы және Соңғы”+ былай дейді: 9 —Мен басыңа түскен қиындықтарыңды, кедейлігіңді (шындығында, сен байсың+) және өздерін яһуди дейтіндердің (негізінде, олар — яһуди емес, Шайтанның мәжілісханасы+) саған тіл тигізетінін білемін. 10 Басыңа түскелі тұрған азаптардан қорықпа+. Міне, толық сыналуларың үшін және он күн қиындық көрулерің үшін, Ібіліс кейбіреулеріңді түрмеге жаптырады. Өле-өлгенше адал бол, сонда саған өмір тәжін беремін+. 11 Құлағы бар әркім киелі рухтың қауымдарға айтқандарын тыңдасын+: жеңімпаз+ ешқашан екінші өлімді көрмейді+”.
12 Пергамдағы қауымның хабаршысына мынаны жаз: “Екі жүзі өткір ұзын семсері бар+ былай дейді: 13 —Шайтанның тағы орналасқан жерде тұратыныңды білемін. Әйтсе де менің есімімді берік ұстанып келесің+, сондай-ақ сенің қалаңда, Шайтан тұратын жерде, өлтірілген+ адал куәгерім+ Антипастың тұсында да маған деген сеніміңнен бас тартпадың+.
14 Десе де саған айтар наразылығым бар: араңда Балағамның ілімін ұстанушылар бар+. Ол кезінде Балаққа+ Исраил ұлдарын күнәға азғыруды үйретіп, оларға пұттарға арналған құрбандықтарды жегізді және азғындық жасатты+. 15 Сондай-ақ араңда Николас сектасының+ ілімін берік ұстанатындар да бар. 16 Сондықтан өкін, әйтпесе саған тез арада келіп, олармен аузымдағы ұзын семсермен+ шайқасамын.
17 Құлағы бар әркім киелі рухтың қауымдарға айтқандарын тыңдасын+: жеңімпазға+ жасырылған маннадан сыйлаймын+ және жаңа есім жазылған ақ тас беремін. Бұл есімді оны алған кісіден басқа ешкім білмейді”.
18 Тиатирадағы+ қауымның хабаршысына мынаны жаз: “Көзі жалындаған оттай+, аяғы таза мыстай Құдай Ұлы*+ былай дейді: 19 —Сенің істеріңді, сүйіспеншілігіңді, сенімің мен қызметіңді, табандылығыңды және қазіргі істеріңнің бұрынғыдан көп екенін білемін.
20 Десе де саған айтар наразылығым бар: өзін пайғамбармын дейтін Езабел+ іспетті әйелге төзіп жүрсің. Ол құлдарыма азғындық жасауды+ және пұттарға арналған құрбандықтарды жеуді үйретіп, адастыруда. 21 Мен оған өкінуге уақыт бердім, бірақ ол жасаған азғындығы* үшін өкінгісі келмейді. 22 Сондықтан оны ауруға шалдықтырып, төсек тартқызамын. Ал онымен азғындық жасап жүргендер сонікі сияқты істеріне өкінбесе, оларға қатты азап шеккіземін. 23 Оның балаларын айықпас дертке ұшыратамын. Сонда қауымдардың бәрі менің адамның көңіл түбіндегі ой-сезімдері* мен жүрегін тексеріп, әркімге ісіне қарай қарымтасын беретінімді+ білетін болады.
24 Ал Тиатирадағы өзгелеріңе — Езабелдің ілімін ұстанбайтындардың бәріне, яғни Шайтанның “терең құпиялары”+ деп аталатынды білмейтіндерге — айтамын: сендерге бұдан басқа ештеңе жүктемеймін. 25 Бірақ мен келгенше, өздеріңде барды берік ұстаныңдар+. 26 Менің істерімді ақырына дейін орындап шыққан жеңімпазға халықтардың үстінен билік беремін+. 27 Әкемнің маған билік бергеніндей, мен де оған халықтарға темір асатаяқпен әмір етуге билік беремін+. Сонда олардың қыш ыдыстай тас-талқаны шығады. 28 Сондай-ақ оған таңғы жұлдызды+ беремін. 29 Құлағы бар әркім киелі рухтың қауымдарға айтқандарын тыңдасын”.