Езекиел
2 Ол маған: “Адам ұлы*, түрегел де, айтатын сөздерімді тыңда+”,— деді. 2 Оның айтқандарын ести алуым үшін, сол заматта бойыма рух еніп, мені аяғыма тұрғызды+.
3 Ол әрі қарай былай деді: “Адам ұлы, мен сені Исраил халқына+, маған қарсы бас көтере беретін бүлікшіл халықтарға+ жіберіп отырмын. Осы күнге дейін олардың өздері де, ата-бабалары да заңдарымды бұзуларын қоймай келеді+. 4 Мен сені ештеңеден шімірікпейтін, қыңыр халыққа жіберіп отырмын+. Сен оларға “Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді” деген хабарды жеткізесің. 5 Сонда олар тыңдасын не тыңдамасын (себебі олар бүлікшіл халық+), араларында пайғамбардың болғанын білетін болады+.
6 Адам ұлы, сенің айналаңды ошаған мен тікен қаптаған*+, сен шаяндардың арасында тұрып жатырсың. Алайда олардың өздерінен де, сөздерінен де қорықпа+. Сөздері үрейіңді ұшырмасын+, түрлерінен де шошыма+, өйткені олар бүлікшіл халық. 7 Олар тыңдасын-тыңдамасын, айтқандарымды жеткіз, себебі олар бүлікшілер+.
8 Ал сен, адам ұлы, солар сияқты бүлікші болма, қайта, айтқандарыма құлақ сал. Аузыңды ашып, мынаны жеп қой+”.
9 Содан мен қарадым да, маған қарай созылып тұрған қолды көрдім+. Ол шиыршық ұстап тұр екен+. 10 Шиыршықты ашып еді, оның екі бетінде де жазу бар екен+. Онда жоқтау және адамды күңірентіп, зар еңірететін сөздер жазылыпты+.