Тімөтеге 2-хат
1 Құдайдың еркі бойынша және Мәсіх Иса арқылы өмірге қатысты берілген уәдеге сай+, Мәсіх Исаның елшісі болған мен, Пауыл, 2 сүйікті балам Тімөтеге+ жазып отырмын.
Құдай Әкеміз бен Иеміз Мәсіх Иса саған рақымын, мейірімі мен тыныштығын сыйласын!
3 Ата-бабаларым сияқты, өзім таза ар-ұжданмен қасиетті қызмет атқарып жүрген Құдайыма алғыс білдіремін, күндіз-түні жалбарынғанымда, сені де ұмытқан емеспін. 4 Көз жасыңды есіме алған сайын, сені көруді аңсаймын. Осылай қуанышқа кенелсем деймін. 5 Шынайы сенімің+ есімде, ол алдымен әжең Лойда мен анаң Әуникеде болатын, ал енді сенде де бар екеніне сенімдімін.
6 Сондықтан мынаны есіңе саламын: үстіңе қолымды қойғанда Құдайдан алған сыйыңды оттай жалындата бер+. 7 Өйткені Құдай бізге қорқыныш рухын емес+, күш+, сүйіспеншілік пен естілік рухын берді. 8 Сол себепті Иеміз туралы куәлік етуден де+, Иеміз үшін менің түрмеде отырғаныма да ұялма. Қайта, Құдайдың күшіне сүйеніп+, ізгі хабар үшін қиындық көруге дайын бол+. 9 Құдай бізді құтқарып, қасиетті болуға шақырды+. Мұны қандай да бір істеріміз үшін емес, өз ниетіне және рақымына сай істеді+. Ол өз рақымын Мәсіх Иса арқылы ұзақ уақыт бұрын көрсеткен еді. 10 Ал енді осы рақым Құтқарушымыз Мәсіх Исаның ашық көрінуі арқылы айқын болды+. Ол өлімнің күшін жойды+ және құрымайтын өмірге+ қалай жетуге болатынын ізгі хабар арқылы+ анық көрсетті+. 11 Мен осы ізгі хабарды жеткізу үшін уағыздаушы, елші әрі тәлімгер болып тағайындалдым+.
12 Сол себептен де азап шегудемін+, бірақ бұған ұялмаймын+. Өйткені кімге сенгенімді білемін және ол өзіне сеніп тапсырғандарымды сот күніне дейін+ аман сақтай алатынына кәміл сенемін. 13 Ал сен Мәсіх Исамен бірлікте болудан туатын сенім мен сүйіспеншілік көрсете отырып, менен естіген дұрыс ілімнің үлгісін бұдан былай да берік ұстан+. 14 Өзіңе сеніп тапсырылған қазынаны бойымыздағы киелі рухтың көмегімен+ аман сақта.
15 Азия* аймағындағылардың бәрі+ менен теріс айналып кеткенін білесің, олардың арасында Фигел мен Ермоген де бар. 16 Иеміз Онисипордың үй ішіне+ мейірімін төксін, өйткені ол мені жиі жігерлендіріп тұрды, бұғауда отырғанымнан еш ұялмады. 17 Қайта, Римде болғанында, мені тапқанша, барын салып іздеді. 18 Сот күні Иеміз Ехоба* оған мейірімін көрсетсін. Сен оның Ефесте қалай қызмет еткенін де жақсы білесің.