Дәуіттің мадақ жыры.
א [Алеф]
145 Уа, Құдайым әрі Патшам, өзіңді асқақтата дәріптеймін+,
Есіміңді мәңгі бақи мадақтаймын+.
ב [Бет]
2 Күні бойы өзіңді даңқтаймын+,
Есіміңді мәңгі бақи мадақтаймын+.
ג [Гимел]
3 Ехоба ұлы, зор даңққа лайықты+,
Оның ұлылығына адам ақылы жетпейді+.
ד [Далет]
4 Бір ұрпақ келесі ұрпаққа істеріңді мадақтайды,
Құдіретті істеріңді жариялайды+.
ה [Хе]
5 Олар ұлылығыңның салтанаты жөнінде айтады+,
Барлық керемет істерің жөнінде ойланады.
ו [Вав]
6 Олар айбынды істерің жайлы айтады,
Мен де сенің ұлылығыңды жариялаймын.
ז [Заин]
7 Олар мол ізгілігіңді еске алғанда, сөздің майын тамызады+,
Әділдігің үшін қуана ән салады+.
ח [Хет]
8 Ехоба жанашыр да мейірімді+,
Ашулануға асықпайды, айнымас сүйіспеншілігі мол+.
ט [Тет]
9 Ехоба бәріне шапағатын түсіреді+,
Барлық істерінен мейірімі көрінеді.
י [Йод]
10 Уа, Ехоба, бар істерің өзіңді даңқтайды+,
Адал қызметшілерің де сені мадақтайды+.
כ [Каф]
11 Олар патшалығыңның ұлылығын жариялайды+,
Құдіретің туралы хабарлайды+.
ל [Ламед]
12 Осылай адамдарға құдіретті істеріңді білдіреді+,
Патшалығыңның салтанатты ұлылығын аян етеді+.
מ [Мем]
13 Сенің патшалығың мәңгіге ұласады,
Билігің күллі ұрпаққа жалғасады+.
ס [Самех]
14 Ехоба құлап бара жатқандардың бәрін сүйейді+,
Бүгілгендердің бәрін демейді+.
ע [Аин]
15 Барлығы үміттене өзіңе көз тігеді,
Сен оларға мезгілінде азық бересің+.
פ [Пе]
16 Алақаныңды ашасың да,
Барша тіршілік иелерінің қажетін бересің+.
צ [Цади]
17 Ехоба барлық әрекетінде әділ+,
Барлық ісінде адал+.
ק [Коф]
18 Ехоба өзін шақыратындардың бәрінің қасында+,
Өзін шын жүректен шақыратындардың бәрінің жанында+.
ר [Реш]
19 Ол өзінен қорқатындардың тілегін орындайды+,
Көмек сұраған үндерін естіп, аман сақтайды+.
ש [Шин]
20 Ехоба өзін сүйетіндердің бәрін қорғайды+,
Ал зұлым атаулының көзін құртады+.
ת [Тав]
21 Қызыл тілім Ехобаны мадақтайды+;
Жаны барлардың бәрі оның киелі есімін мәңгі бақи мадақтасын+!