Ишая
2 Жоқ, сендерді Құдайдан алыстатқан өз күнәларың+.
Күнәларыңның кесірінен ол жүзін жасырып,
Сендерді тыңдаудан бас тартып отыр+.
Айтатындарың — өтірік+, ауыздарың әділетсіздікке толған.
Олар бекершілікке сенім артады+, бос нәрсені әңгіме қылады.
Пәлеге жүкті болып, зұлымдық туады+.
5 Олардың басып жатқаны — улы жыланның жұмыртқасы,
Оны жеген адам аман қалмайды.
Ал жарылса, ішінен сұржылан шығады.
Олар өрмекшінің өрмегін тоқуларын да қоймайды+.
Олардың істейтіндері — зұлымдық,
Жасайтындары — тек зорлық-зомбылық+.
Бар ойлайтындары — зұлымдық;
Жүрген жерлерін қиратып, қасіретке батырады+.
Олар жолдарын қисайтты.
Солармен жүретін адам тыныштық дегенді білмейді+.
9 Сондықтан да әділдік бізден алыс,
Туралық та бізді қуып жетпейді.
Нұрды көреміз деп үміттенудеміз, бірақ айналамыз — қараңғылық;
Жарықты күтудеміз, бірақ қара түнекте жүрміз+.
Тал түсте ымыртта жүргендей сүрінеміз,
Мықтылар арасында өлілерге ұқсаймыз.
11 Біз аюдай ыңыранамыз,
Кептер сияқты мұңая гулейміз.
Әділдікті күтеміз, бірақ ол жоқ,
Құтқарыламыз деп үміттенеміз, бірақ ол бізден алыс.
Шығарған бүліктеріміз өзімізге мәлім,
Күнәларымызды да жақсы білеміз+.
13 Біз күнә жасадық, Ехобадан бас тарттық;
Құдайымыздан теріс айналдық.
Шындық қала алаңында сүрінді,
Туралық онда кіре алмай тұр.
Ехоба мұны көріп, наразы болды,
Өйткені әділдік деген жоқ+.
16 Ол ешкімнің көмектеспейтінін көрді,
Жақтасатын ешкімнің жоқ екеніне таңғалды.
Сондықтан өз құдіретімен құтқаруды шешті,
Әділдігі оны қолдады.
17 Ол әділдікті үстіне сауыт етіп,
Құтқарылуды басына дулыға қылып киді+,
Кек алуды жамылғы етті+,
Құлшынысты шапан қылып оранды.
18 Ол әркімге ісіне қарай қарымтасын қайтарады+:
Дұшпандарына қаһарын төгеді, жауларының жазасын береді+,
Аралдарға тиісті жазасын тартқызады.
19 Батыстағылар Ехобаның есімінен,
Шығыстағылар оның ұлылығынан қорқады.
Өйткені Ехоба өз рухы айдаған жойқын тасқын іспетті келеді.
20 “Сионға Құнын өтеуші+ келеді+,
Жақыптың заңсыздық жолынан қайтқан ұрпағына келеді+,— дейді Ехоба”.
21 “Менің олармен жасасатын келісімім мынау+,— дейді Ехоба.— Саған қондырған рухым мен аузыңа салған сөздерім сенің және балаларың мен немерелеріңнің аузынан түспейді. Бұдан былай мәңгі бақи солай болады,— дейді Ехоба”.