Ишая
30 “Қиқар ұлдар қасіретке қалады+!— дейді Ехоба.
—Олар күнәларына күнә қосу үшін,
Менің емес, өз жоспарларын жүзеге асырады+,
Менің рухымның басшылығына жүгінбей, одақтар құрады.
2 Олар менен басшылық сұрамай+, ылдилап Мысырға барады+.
Перғауыннан қорғаныш іздеп, Мысырдың саясын паналауды қалайды.
3 Бірақ перғауынның қорғанышы оларды ұятқа қалдырады,
Мысырдың саясы масқараларын шығарады+.
5 Өздеріне еш пайдасы тимейтін,
Қол ұшын беріп, көмектесе алмайтын,
Тек ұятқа қалдырып, масқара қылатын
Мысырлықтар үшін бәрі де жер болады+”.
6 Оңтүстіктің жануарлары туралы ауыр хабар:
Олар байлықтарын есектерге,
Тарту-таралғыларын түйелерге тиеп алып,
Арыстан, ақырған арыстан мекендейтін,
Жыландар мен заһарлы оқжыландар жайлаған қорқынышты шөл дала арқылы өтіп барады.
Бірақ бұлардан халыққа еш пайда болмайды.
7 Мысырдың көмегінің еш пайдасы жоқ+.
Сондықтан мен оны “тыныш отырған Рахаб” деп атадым+.
Бұл келешекте олар үшін мызғымас куәлік болсын+.
10 Олар аян көретіндерге: —Аян көрмеңдер,— дейді.
Ал пайғамбарларға: —Біз жайлы шындықты пайғамбарлық етпеңдер+,
Құлаққа жағымдыны, қиялдан туған нәрселерді айтыңдар+.
11 Жолдан тайыңдар, тура жолдан ауытқыңдар.
Бізге Исраилдің Киелі Құдайы туралы айтуды доғарыңдар+,— дейді”.
12 Сондықтан Исраилдің Киелі Құдайы мынаны айтады:
13 Сондықтан осы қателіктерің сендер үшін жарылған қабырға іспетті,
Құлауға шақ тұрған биік қабырға іспетті болады.
Ол кенеттен, әп-сәтте қирап қалады.
14 Ол үлкен қыш құмырадай қирап,
Түгі қалмай күлпаршасы шығады,
Ошақтан от алатын не шалшықтан* су алатын сынығы да қалмайды”.
15 Исраилдің Киелі Құдайы Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді:
“Маған қайта бет бұрып, дамыл табыңдар, сонда аман боласыңдар.
Сабыр сақтап, маған сенім артсаңдар, күшті боласыңдар+”.
Бірақ сендер олай етпедіңдер+.
16 Қайта, сендер “Жоқ, біз атқа мініп қашып кетеміз!” дедіңдер.
Сондықтан сендер, расында да, қашасыңдар.
Сендер “Жүйрік аттарға мініп қашып кетеміз!” дедіңдер+.
Сондықтан соңдарыңа түскендер де жүйрік болады+.
18 Бірақ Ехоба сендерге ықыласын түсіру үшін шыдаммен күтіп отыр+.
Ол сендерге мейірім таныту үшін түрегеледі+.
Өйткені Ехоба — әділдік орнататын Құдай+.
Оны тағатсыздана күтетіндердің бәрі бақытты+.
19 Сион халқы Иерусалимге қайта қоныстанғанда+, сен енді қайтып жыламайсың+. Көмекке шақырып жалбарынғаныңда, ол ықыласын түсіреді. Даусыңды ести сала, саған жауап береді+. 20 Ехоба сендерге қасіретті нанша жегізіп, қанаушылықты судай сіміртіп еді+. Бірақ енді Ұлы Тәлімгерлерің бұдан былай сендерден өзін жасырмайды. Сендер Ұлы Тәлімгерлеріңді+ өз көздеріңмен көресіңдер. 21 Егер оңға не солға ауытқып кетсеңдер, ту сырттарыңнан “Жол — мынау+, осы жолмен жүріңдер!” деген дауысты естисіңдер+.
22 Сендер ойып жасалған тәңірлеріңді қаптаған күмісті және темірден құйылған мүсіндеріңді қаптаған алтынды арамдайсыңдар+. Оларға: “Құрып жоғалыңдар!”*— деп, әйелдің етеккірі кезінде қолданған шүберегіндей лақтырып тастайсыңдар+. 23 Құдай топыраққа сепкен тұқымдарыңа жаңбыр жаудырады+, жер нанды көл-көсір етіп береді+. Сол күні малдарың кең жайылымда жайылатын болады+. 24 Жер өңдейтін ірі қараларың мен есектерің жел өтінде күрекпен, айырмен тазартылып, қымыздық қосылған нәрлі жем жейді. 25 Үлкен қантөгіс болып, мұнаралар құлаған күні әрбір биік тау мен төбеде жылғалар мен арықтар ағатын болады+. 26 Ехоба халқының сынған сүйегін таңып+, өзі берген соққыдан алған ауыр жарақатын жазған күні+, толған айдың жарығы күн сәулесіндей, ал күннің жарығы жеті күннің жарығындай жеті есе жарық болады+
Оның аузынан шыққан сөздері қаһарлы,
Ал тілі жалмайтын отқа ұқсайды+.
28 Оның лебі мойынға дейін көтерілген екпінді ағысқа ұқсайды.
Ол түк қалмағанша, ұлттарды електен* өткізеді.
Халықтарды адастыру үшін бастарына жүген кигізеді+.
29 Ал сендер түнде ән айтып,
Мейрамға дайындалып жүрген адамдай боласыңдар+,
Жүректерің қуанышқа толып, сыбызғының үнімен
Исраилдің Жартасы Ехобаның+ тауына бара жатқан адамдай боласыңдар.
30 Ехоба лаулаған қаһарымен+, жалмайтын от жалынымен+,
Нөсермен+, күн күркірі және бұршақпен+ адамдарға өзінің айбынды даусын естіртеді+,
Төмен түсіп келе жатқан қолының құдіретін көрсетеді+.
31 Ехобаның даусы Ассирияның зәре-құтын алады+.
Ол оны таяқпен соққыға жығады+.
32 Ехоба жазалайтын таяқпен Ассирияға соққы берген сайын,
Олармен қолын сермеп шайқасқанда+,
Даңғыра мен арфаның үні естілетін болады+.
Құдай отын салатын жерді терең әрі кең етіп жасады,
Онда от та, отын да көп.
Ехобаның лебі күкірт тасқыны іспетті оны тұтандырады.