Нақыл сөздер
8 Даналық шақырып жатыр емес пе?!
Парықтылық дауыстап тұрған жоқ па+?!
4 “Уа, халайық, сендерді шақырамын,
Әрбір адамға үн қатамын.
6 Тыңдаңдар, айтатыным маңызды,
Бәрі тура аузымнан шығатынның.
7 Жұмсақ етіп жеткіземін шындықты,
Аузыма алуға жеркенемін зұлымдықты.
8 Аузымнан шыққанның барлығы әділ,
Бұрмаланған, арам сөз жоқ арасында.
9 Парықтыға оның бәрі ап-анық,
Білім тапқанға дұп-дұрыс.
11 Даналық маржаннан да артық,
Адам құмартатын еш нәрсе оған тең келмес.
13 Ехобадан қорқу деген — жамандықты жек көру+.
Паңдық, өркөкіректік, зұлымдық пен арам сөзді жек көремін+.
16 Менің арқамда әміршілер басқарады,
Төрелер әділ сот жүргізеді.
20 Әділдік жолымен жүремін,
Әділет жолының ортасымен келемін.
21 Өзімді сүйгендерге зор мұра сыйлаймын,
Олардың қоймаларын толтырамын.
24 Туылдым су тұңғиықтары жоқ кезде+,
Суы тасыған қайнарлар болмағанда.
25 Туылдым таулар орнатылмай тұрғанда,
Қыр-төбелер әлі жоқ болғанда,
26 Ол жер мен даланы,
Жердің алғашқы топырағын жаратпай тұрғанда.
27 Аспанды ол дайындағанда+, мен сонда болдым.
Су бетіне ол көкжиекті сызғанда+,
28 Аспанға бұлттарды жайғастырғанда,
Терең мұхиттарды сумен толтырғанда,
29 Теңізге арнап жарлық бекіткенде,
Бұйырған жерінен тасытпай суын тежегенде+,
Жердің іргетасын орнатқанда,
31 Тұруға жайлы жерге қарап қуандым,
Адам баласын ерекше жақсы көрдім.
32 Сонымен, балаларым, мені тыңдаңдар,
Өйткені жолдарымды ұстанғандар бақытты.
34 Күнде ертемен есігімнің алдына келіп,
Босағамның жанында күтіп тұрып,
Маған құлақ асатын адам бақытты.