21 Патшаның жүрегі Ехобаның қолында су ағысындай+,
Оны қалаған жағына бағыттайды+.
2 Жолдарының бәрі адамға түзу көрінер+,
Ал жүректі Ехоба тексерер+.
3 Ехобаға құрбандық шалғаннан гөрі,
Дұрыс та әділ нәрсені істеу әлдеқайда ұнамды+.
4 Менмен көз, тәкаппар жүрек —
Зұлымдардың шамы, әрі екеуі де күнә+.
5 Ынталының жоспарлары табысқа жетелер+,
Ал асығатын адам жоқшылыққа ұшырар+.
6 Жалған тілмен жиналған байлық
Ғайып болатын бу және өлімнің тұзағы іспетті+.
7 Зұлымдардың зомбылығы өздерін жоқ қылар+,
Өйткені олар әділеттіліктен бас тартар.
8 Айыптының жолы — қисық соқпақ,
Айыпсыздың жүрісі түзу болмақ+.
9 Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша+,
Үй төбесінің бір бұрышында тұрған артық.
10 Зұлым жан жамандықты көксейді+,
Маңайындағы адамға еш рақым көрсетпейді+.
11 Мазақтағыш жазаланғанда, аңғырт ақылдырақ болар,
Ақылдыға түсінік берілгенде, білімі артар+.
12 Әділ Құдай зұлымның үйін бақылайды,
Зұлымдарды құлатып, көзін құртады+.
13 Байғұстың зарына құлағын жабатын,
Таппас ешкімді өз зарына құлақ асатын+.
14 Жасырын сый-тарту ашуды басар+,
Қойынға тығып берген пара қаһарды қайтарар.
15 Әділетті іске әділ жан қуанар+,
Ал зұлымдық жасаушылар одан шошынар.
16 Түсінік жолынан адасқан жан
Өлілердің қатарына қосылар+.
17 Сауық-сайранға құмар кедейленер+,
Шарап пен майды жақсы көретін байымас.
18 Зұлым адам әділ жанның төлемі болар,
Опасыз адам шыншыл жанның орнына кетер+.
19 Ұрысқақ, ашушаң әйелмен тұрғанша+,
Айдалада тұрған артық.
20 Ақылдының үйінен қазына мен май табылар+,
Ал ақымақ қолында барын шашар+.
21 Әділдік пен айнымас сүйіспеншілікке ұмтылған
Өмірге және әділдік пен құрметке қол жеткізер+.
22 Дана мықтылардың қаласын жаулап алар,
Олардың сенім артқан күшін ойрандатар+.
23 Тілі мен аузына ие болған
Өз жанын пәледен сақтар+.
24 Асқан менмендікпен әрекет ететінді+
Өркөкірек, дандайсыған мақтаншақ дер.
25 Жалқаудың құмартқаны түбіне жетер,
Оның қолы жұмыстан қашар+.
26 Ол алуды күні бойы көксер,
Ал әділ жан тартынбай, жомарт берер+.
27 Зұлымның құрбандығы жеркенішті+,
Оны арам пиғылмен ұсынса, одан бетер жеркенішті!
28 Жалған куәгер құрып кетер+,
Өз құлағымен естігеннің куәлігі оң болар.
29 Зұлымның беті шімірікпейді+,
Ал шыншыл өз жолында нық басады+.
30 Ехобаның еркіне қарсы келетін даналық, түсінік пен кеңес ешкімде жоқ+.
31 Шайқасқа ат дайындар+,
Ал құтқару Ехобадан болар+.